AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда экологияны жақсарту және көлік жүйесін да...

Алматыда экологияны жақсарту және көлік жүйесін дамыту шаралары күшейтіліп жатыр

Барлығы 24.09.2025, 15:07 570 Сұлу
Алматыда экологияны жақсарту және көлік жүйесін дамыту шаралары күшейтіліп жатыр
Алматы әкімдігі

Алматыда ауаны жақсарту және көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында кешенді шаралар қолға алынды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Алғаш рет алматылық агломерацияда ластаушы заттардың рұқсат етілген деңгейіне зерттеу жүргізілді. Оған қала аумағымен бірге 10 шақырымдық радиустағы көлік, жеке үйлер мен моншалар да енгізілді. Нәтижесінде жылына 225 мың тоннадан астам шығарындылар тіркелді, оның 189 мыңы Алматыға тиесілі. Ластанудың 60%-ға жуығы көліктен келеді.

«Қалада күн сайын 1,1 млн-нан астам көлік жүреді. 2030 жылға қарай Алматы халқы 2,5 млн адамға жетіп, әр мың тұрғынға 311 көліктен келмек. Бұл жағдай қоғамдық көлікті – метро, LRT, BRT, аспалы жолдар және өзге бағыттарды жедел дамыту қажеттігін көрсетеді», – деді Алмасхан Сматлаев.

2025 жылдан бастап автокөлік шығарындыларына қатысты заңнама күшейтілді: енді шектен тыс ластауға ескерту жасалмайды, бірден айыппұл салынады. Қайталанған жағдайда жеке тұлғаларға – 10 АЕК, заңды тұлғаларға – 100 АЕК, ал өрескел бұзушылық үшін тиісінше 20 және 200 АЕК айыппұл қарастырылған.

Қазір атмосфералық ауаны қорғау ережелерінің жобасы дайындалып жатыр. Құжат тиісті органдармен келісілген соң жыл соңына дейін мәслихаттың қарауына ұсынылады. Ол қаладағы экологиялық қауіпсіздікті арттыруға, тұрғындарға таза әрі қолайлы орта қалыптастыруға және ауаның ластануын азайтуға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #көлік #Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);