AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Алматыда «Екі жұлдыз» халықаралық фестивалінің жең...

Алматыда «Екі жұлдыз» халықаралық фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Алматы құшағында Бүгін 11:31 27
Алматыда «Екі жұлдыз» халықаралық фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Алматыда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан келген 12 шығармашылық дуэттің басын қосқан III халықаралық «Екі жұлдыз» ән фестивалі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шара қала әкімдігінің қолдауымен «Алатау» дәстүрлі өнер театрында ұйымдастырылып, Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналды.

Фестиваль зағип және нашар көретін өнерпаздар арасында өткізіліп, инклюзивті шығармашылықты дамытуға және қазақ ән өнерін кеңінен насихаттауға бағытталған.

Байқауға Алматы және Астана қалаларынан, Қарағанды, Қызылорда, Жетісу, Түркістан және Абай облыстарынан, сондай-ақ көршілес үш мемлекеттен келген өнерпаздар қатысты.

Қатысушылардың өнерін әнші әрі актриса Сандуғаш Стамғазиева, Қазақстанның мәдениет қайраткері, фестиваль директоры Ғазизхан Әділханов және шығармашылық саланың өзге де өкілдерінен құралған кәсіби қазылар алқасы бағалады.

Екі кезеңнен тұратын байқаудың қорытындысы бойынша семейлік Медетбек Қырым мен Айсұлу Серік бас жүлдені иеленді. Бірінші орын Мұрат Сұлтан мен Эмина Высочинскаяға, екінші орын Бағдәулет Құрал мен Қасымхан Тәңірбергенге бұйырды. Үшінші орынды Талдықорған қаласынан келген Алғысбек Дәуен мен Нұрдана Арғын иеленді.

Биыл үшінші рет өткізіліп отырған «Екі жұлдыз» фестивалі зағип және нашар көретін өнерпаздарға шығармашылығын халықаралық деңгейде таныстыруға, тәжірибе алмасуға және орындаушылық шеберлігін шыңдауға мүмкіндік береді.

Іс-шара соңында қатысушылар фестивальді ұйымдастырғаны үшін жоба авторлары әрі ұйымдастырушылары Бәтима Сағынғалиева мен Нұрбек Сағынғалиға алғыс білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 98-дегі науқасқа қолқа қақпақшасын ауыстыру отасы сәтті жасалды

Бүгін 17:10

Алматы қаласы бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларына қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есеп

Бүгін 16:46

Желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Бүгін 16:09

Алматыда Президент Жолдауының міндеттері педагогтер мен медицина қызметкерлерімен талқыланды

Бүгін 15:36

Алматыда қай көліктер көп кездеседі?

Бүгін 15:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);