Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда екі мыңнан астам оқушы мектепке барып жүр

Алматыда екі мыңнан астам оқушы мектепке барып жүр

Әлеумет 16.09.2021, 07:56 798
Алматыда екі мыңнан астам оқушы мектепке барып жүр
Сурет: Almaty.tv

Олар дәстүрлі оқыту форматына оралған.


Алматылық ата-аналар эпидахуалдың жақсаруын бақылай отырып, қашықтан оқыту форматынан бас тартып, балаларын мектепке жіберді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, жаңа оқу жылының басында Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты ата-аналарға оқыту форматын таңдау мүмкіндігі берілді. Сол кезде білім алушылардың арасында онлайн форматты таңдағандардың саны аз болды. Яғни, оқушылардың тек 5,6%-ы, яғни 300 мыңнан астам оқушының тек 17 мыңнан кем емес бөлігі онлайн форматта оқуға ниетті болды. 



«Менің немерем биыл бірінші сыныпқа барды. Орын алған эпиджағдайға алаңдап, онлайн оқыту форматын таңдадық. Алайда, немерем үйде отырмай, сыныптастарымен және мұғалімдермен араласқысы келеді. Бәрібір балаларымыз көшеде ойнап, дүкенге және қонаққа барады, үйірмелерге қатысады. Сондықтан біз дәстүрлі оқыту форматын таңдадық. Біз қашықтан білім алатын баланың еріншектік танытып, назары басқа нәрселерге ауатынын, қосымша басқа да істермен айналысатынын әрі оқу материалын жеткіліксіз деңгейде меңгеретінін түсіндік. Пандемия қашан аяқталатыны белгісіз. Індеттің аяқталуын күтіп, білім сапасын жоғалтып алмағанымыз маңызды», – деп атап өтті Алматы қаласының тұрғыны Гүлбахар Валиева.



Алматы қаласы әкімдігі білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева қалада 300-ге жуық мектеп бар екенін атап өтті.


Оқушылардың жалпы саны бойынша балалардың сырқаттану пайызы оқу жылы басталғанға дейінгі сырқаттану деңгейімен салыстырғанда бірнеше есе төмен. Мектептерде балалардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету үшін кешенді санитарлық шаралар қабылданды.



«Икемді сабақ кестесі құрылып, бастауыш, орта және жоғары сынып оқушылары үшін қосымша ауысымдар мен әртүрлі уақытта үзілістер ұйымдастырылды. Оқушылардың бір кабинеттен екінші кабинетке ауысуына тыйым салынды. Сабақтар «бір сынып – бір кабинет» қағидаты бойынша жүргізіледі. Мұғалімдер мен ата-аналар арасында санитарлық талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – дейді Ләззат Жылқыбаева.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектеп #сабақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық блогер Ильяр Ювашевке іздеу жарияланды

Кеше 17:49

Алматыда көп әйел алуды насихаттаған азаматқа айыппұл салынды

Кеше 17:13

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Кеше 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Кеше 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Кеше 12:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика