AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда діни тақырыптағы үздік контент жасаушылар...

Алматыда діни тақырыптағы үздік контент жасаушылар марапатталды

Әлеумет 15.06.2025, 11:59 1,969 Nursok82
Алматыда діни тақырыптағы үздік контент жасаушылар марапатталды
Самат Құсайынов

Алматыда діни тақырыптағы үздік жұмыстарды (мақалалар, бейнероликтер және т.б.) дайындау бойынша өткен байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараны Алматы қаласы Дін істері басқармасының тапсырысы бойынша «JASTAR» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Шығармашылық жарысқа Алматыда жұмыс істейтін жергілікті және республикалық БАҚ журналистері, студенттер, тәуелсіз публицистер мен блогерлер қатысты. Байқауға он номинация бойынша 220-дан астам өтінім түсті. Жұмыстар зайырлылық, толеранттылық, конфессияаралық келісім, қазақ халқының рухани құндылықтары, дәстүр мен дін, патриотизм, Отанға деген махаббат, Қазақстанның тарихи және қасиетті орындары, радикалды идеологияның зияндылығы және деструктивті діни ағымдар сияқты өзекті мәселелерді қамтыды.

Барлық жұмыстарды қарап шыққан қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, оларға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табыс етті. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімін Дін істері басқармасы басшысының орынбасары Әлімбек Әлімбекұлы өткізді.

«Digital Art аясындағы үздік фотожоба» номинациясында Әділет Мыңжасаров жеңімпаз атанды.

«Үздік өлең» номинациясында Байкон Дихан марапатталды.

«Үздік ұран мен девиз» номинациясында Ақмаржан Нақнавинаның еңбегі ерекшеленді.

Бауыржан Ботақараев «Үздік пікір» үшін марапатқа ие болды.

«Қазақ үні» газеті орыс редакциясының редакторы Дастан Елдесов «Әлеуметтік желілердегі үздік тақырыптық пост» номинациясының жеңімпазы атанды.

Қазақ тіліндегі интернет-ресурстағы үздік мақала авторы Ақмарал Махамбетәлі, ал орыс тіліндегі интернет-ресурста үздік мақала номинациясын Шынар Әбзелбек жеңіп алды.

Instagram желісіндегі үздік бейнеролик үшін Бекхан Тасболат марапатталды.

TikTok-тағы үздік бейнеролик үшін Жанарыс Онайбайға сыйлық табысталды.

Ең үздік әлеуметтік роликтің авторы Ерсұлтан Рахимбек болды.

Жеңімпаздарға берілген жүлделердің мөлшері 50 000 теңгеден 350 000 теңгеге дейін болды. Байқауды ұйымдастырушылар қатысушыларға алғысын білдіріп, аталған діни ағарту саласындағы еңбектің маңыздылығын атап өтті. Олар жеңімпаздардың жұмыстары халықтың діни сауаттылығын арттыруға, деструктивті ағымдарға қарсы күреске үлес қосқанын айтты.

Алматылық Нұргүл Аяпбергенова байқау туралы Instagram желісінен білген. Ол шығармашылық жарысқа қатысып, «Үздік поэзия» номинациясында жеңімпаз атанды.

– Идеямды әзірлеуге шамамен бір жарым ай кетті. «Ояту» («Пробуждение») атты шығармамда халықты дәстүрлерді сақтауға шақырдым. Шығармашылығымда адамдарға мәңгілік құндылықтарды еске салғым келді. Қазір деструктивті бағыттар өте көп, сондықтан ақпараттық-ағартушылық жобаларды жиі өткізу қажет деп ойлаймын. Дұрыс идеяларды насихаттау өте маңызды, – деп атап өтті байқау қатысушысы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Марапат #Дін #көзқарас
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық палуан Азия Чемпионы атанды

Бүгін 21:53

Баку құрылтайының 100 жылдығы: ҚазҰУ-да түркологияның жаңа бағыттары талқыланды

Бүгін 20:11

«Жас бүркіт» қатары толықты: Алматыда әскери-патриоттық сынып ашылды

Бүгін 19:25

Мақпал Жүнісова мен Татьяна Бурмистрова марапатталды

Бүгін 19:01

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);