AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Digital Almaty бесінші мерейтойлық форумы...

Алматыда Digital Almaty бесінші мерейтойлық форумы басталды

Әлеумет 02.02.2023, 04:34 1,377 Almaty-akshamy.kz. 
Алматыда Digital Almaty бесінші мерейтойлық форумы басталды
Суреттерді түсірген Самат Құсайынов

Талқылаудың негізгі тақырыбы инновациялық технологиялар саласын дамытудың заманауи жаһандық сын-қатерлері болмақ.


Алматыда Digital Almaty 2023 цифрлық форумы басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматы қаласының әкімі форумға қатысушыларды құттықтады.



«Құрметті форумға қатысушылар! Сіздерді Digital Almaty бесінші мерейтойлық форумының ашылуымен құттықтаймын. Цифрлық трансформация мәселелерінің өзектілігін асыра бағалау мүмкін емес. Әлем жылдам өзгеруде, кең таралған цифрландыру осы прогрестің негізгі қозғалтқыштарының бірі болып табылады», – деді Ерболат Досаев.




Форумның мазмұнды күн тәртібі біздің көз алдымызда болып жатқан тектоникалық өзгерістердің кең ауқымын көрсетеді. Мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясы, роботтандыру, киберқауіпсіздік, Қарулы күштерді цифрландыру, білім беру жүйелері, қалалық мобилділік және «ақылды қала» тұжырымдамалары Digital Almaty форумында екі күн бойы талқыланатын тақырыптардың бір бөлігі ғана екенін баса айтты.



  «Біз Digital Almaty форумының көптеген қатысушыларды жинағанын көріп отырмыз, бұл оған цифрлық индустрия саласындағы мамандар тарапынан үлкен қызығушылықты көрсетеді. Форум прогреске деген сеніммен біріктірілген пікірлестерді жинайтын шын мәнінде халықаралық алаңға айналғанын айту орынды», - деді мегаполис басшысы.



Оның айтуы бойынша, Алматы Қазақстанның ең ірі мегаполисі ретінде цифрлық трансформациялар фарватерінде сенімді түрде алға жылжуда. Алматыда цифрландырудың ену деңгейі Қазақстандағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады: бүгінде біздің қаламызда мемлекеттік қызметтердің 96%-ы цифрлық форматта жүргізіледі. Бұл көрсеткіш үнемі өсіп келе жатыр.     



Айта кету керек, өткен жылдың шілдесінде Алматы алғаш рет Thoughtlab (Нью-Йорк) әлемдік жетекші зерттеу компаниясының нұсқасы бойынша цифрлық даму стратегияларының әзірлігі дәрежесі  жөнінде Азия қалаларының алғашқы бестігіне кірсе, былтыр қыркүйек айында Алматы Almaty Data Lake-бірыңғай деректер қоймасы жобасымен IEEE Smart Cities Awards Contest халықаралық «ақылды қалалар» байқауының финалисі атанған.


Қаланы дамыту бағдарламасындағы 7 негізгі басымдықтың бірі «Алматы – Смарт-сити» құру болып табылады. Осы жылдың күзіне қарай Сингапур және Шанхай сияқты мегаполистерге ұқсас қаланың «цифрлық егізін» құруды бастау жоспарлануда.



«Алматының одан әрі дамуы үшін маңызды жобалар қаланы басқаруды жақсартуға мүмкіндік беретін өзге де жүйелі платформалық шешімдер болып табылады. Бұл қаланың Бірыңғай деректер қоймасы, геоаналитиканың бірыңғай платформасы. Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі биыл Алматының 80%-ын қамтиды. Бұл – ең алдымен, жайлы қалалық орта құру және қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сіздерге алдағы күндері пайдалы және нәтижелі пікірталастар, кездесулер тілеймін және Алматыда уақыттарыңызды жақсы өткізулеріңізге тілектеспін!» - деді қала басшысы Ерболат Досаев.




 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#форум #Талқылау #Бесінші
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);