AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Әлеумет 02.04.2026, 17:49 239 yakiya
Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Алматыда демалыс күндері өтетін жәрмеңкелерді заманауи форматқа көшіру арқылы жаңғырту жұмыстары басталады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жаңғырту жұмыстары Бостандық және Әуезов аудандарында қолға алынады. Жоба аясында инфрақұрылымды жаңарту, сондай-ақ сатып алушылар мен кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасау көзделіп отыр.

Қалада демалыс күндері өтетін жәрмеңкелер азық-түлік бағасының қолжетімділігін қамтамасыз етудің маңызды тетіктерінің бірі болып қала береді. Биыл мыңнан астам жәрмеңке өткізу жоспарланған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 2,5 есеге көп.

Фермерлер мен отандық тауар өндірушілердің өнімдері делдалсыз, тікелей жеткізілетіндіктен, тауарлар орташа нарықтық бағадан 5-15%-ға төмен бағамен ұсынылады.

Жаңғырту аясында жәрмеңке алаңдары қаланың дизайн-кодына сәйкес бірыңғай сәулеттік стильде рәсімделеді. Жобада жабық және ашық сауда павильондары, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейімделген санитарлық торап, автотұрақ, аялдама кешендері, қоғамдық тамақтану орындары мен көріктендірілген қоғамдық кеңістіктер қарастырылған.

Пилоттық жоба ретінде «Қазақфильм» шағынауданындағы жәрмеңке алаңы таңдалды. Бұл аумақта шамамен 100 сауда орны орналастырылып, сауда павильондары жаңартылып, айналасы көркейтіледі. Жұмыстарды биылғы мамыр айында аяқтау жоспарланып отыр. Қайта жаңарту кезеңінде жәрмеңке уақытша сол аумақтағы автотұрақта жұмыс істейді.

110 сауда орнына есептелген екінші жәрмеңке алаңы Өтеген батыр көшесі бойында (Абай даңғылының қиылысы маңында) орналасады. Бұл жоба да мамыр айында іске қосылмақ. Құрылыс және жаңғырту жұмыстары жүріп жатқан кезеңде Әуезов ауданындағы жәрмеңке уақытша Таугүл-1 шағынауданында, Пятницкий мен Шалов көшелерінің қиылысында ұйымдастырылады.

Алдағы уақытта коммуналдық жәрмеңкелер желісін қаланың барлық аудандарын қамти отырып кеңейту жоспарланған.

Жобалар жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылады. Сонымен қатар жәрмеңкелердің әлеуметтік сипаты сақталады:кәсіпкерлер мен жергілікті өндірушілер үшін қолайлы шарттар ұсынылады, қазіргі қатысушыларға сауда орындары бекітіледі.

Жаңартылған нысандар пайдалануға берілгеннен кейін жәрмеңкелерді басқару және ұсынылатын бағаның сақталуын «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ бақылайды.

Жаңартылған алаңдардың ашылу мерзімі құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін қосымша хабарланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жәрмеңке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);