Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда дәстүрлі АРМаТУРа фестивалі өтті

Алматыда дәстүрлі АРМаТУРа фестивалі өтті

Барлығы 19.04.2025, 20:42 609
Алматыда дәстүрлі АРМаТУРа фестивалі өтті
Қайрат Қонысбаев

Биыл 10 жылдық мерейтойын атап өткен АРМаТУРа фестивалі Алматыдағы «Мерей» сауда орталығының алаңында этноауыл үлгісінде өтті. 

Бұл жолы шара спортты серік еткендермен қатар, әр жастағы қала тұрғындарын тоғыстырған кең ауқымды қоғамдық мерекеге айналды. Ұлттық ойындар, қолөнер шеберлерінің көрмесі, танымдық кездесулер мен спорттық сайыстар іс-шараға айрықша атмосфера мен мерекелік рух сыйлады. АРМаТУРа фестивалінің негізін қалаушы, армрестлинг шебері Евгений Шамрайдың айтуынша, бұл бастама 2008 жылы басталған. Алғашқы чемпионат 2014 жылы ұйымдастырылып, содан бері жыл сайын жастарды спортқа баулуды мақсат еткен дәстүрлі шараға айналды. 
– Фестиваліміздің жыл сайын көпшілікті жинайтыны қуантады. Бұл жолы бағдарламамыздыэтникалық элементтермен толықтыру – сәтті шешім болды деп ойлаймын. Алдағы уақытта қазақтың ұлттық ойындарын да спорттық мерекенің ажырамас бөлігіне айналдыруды көздеп отырмыз. Өйткені біздің мәдени мұрамыз бай, таңдайтын дүниелер жеткілікті. Бұл тек жарыс емес, жастар үшін шабыт, өз күшін сынауға мүмкіндік. Біз инклюзивті орта қалыптастырып жатырмыз, – дейді Евгений Шамрай.

Фестиваль бағдарламасы бұрын-соңды болмаған мазмұнмен ерекшеленді: 13 спорттық локацияда турникке тартылу, кір тасын көтеру, қол күресі, жаттығулар жасау секілді түрлі жарыстар ұйымдастырылды. Әр тапсырманы орындаған қатысушы арнайы символикалық тиындар жинап, оларды су, бауырсақ, т.б. тағамдарға алмастырып мәз-мейрам болды.  
Ерекше назар аудартқан «Петроглифтер киіз үйі»көпшілікті қазақ тарихымен таныстырып, жас ғалымдар мен қолөнершілерді тоғыстырды. Мұнда ұлттық стильдегі бұйымдар, шеберлер көрмесі, алтыбақан, балаларға арналған ойын алаңдары, этнофотоаймақ пен концерттік бағдарлама ұсынылды. Фестивальге келген әр адам өзіне лайық іс тауып, қызықты уақыт өткізді. 

Фестивальдің тұрақты қатысушысы, Алматы қалалық Қоғамдық кеңестің мүшесі Богдан Джепка бұл шараны тең мүмкіндіктер қоғамын құрудың жарқын үлгісі деп бағалады:
– Мұнда ешкім шет қалмайды. Спорт арқылы адамдар бірігеді, жаңа достар табады. Мұндай фестивальдер қаланың әр ауданында өтуі керек, – дейді ол.
Спортшыларды тіркеп, әрбір спорттық кезеңді әділ бағалауға тырысқан ұйымдастырушылар тобы жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға тәттілер мен сыйлықтар үлестірді.
– Бұл – жастарды салауатты өмір салтына баулудың тамаша тәсілі. Біздің мақсат – тек спортты насихаттау ғана емес, сонымен бірге көтеріңкі көңіл-күй мен адамдар арасындағы жылы қарым-қатынасты қалыптастыру, – дейді қатысушылардың бірі, алматылық  Берік Құралбай.
Киіз үйлер, ән мен биден шашу шашқан өнерпаздар, бауырсақ пен ыстық шай, балалардың шат күлкісі – барлығы қазақтың қонақжай мәдениеті мен спорттық рухты тамаша ұштастырды. Ұйымдастырушылар мереке соңында қатысушыларға Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады. Мереке кеш қарайғанша жалғасты.  
 
P.S: АРМаТУРа фестивалі – бұл жай ғана жарыс емес, ол – адамдарды жақындастыратын, қоғамды біріктіретін үлкен мереке. Мерейтойлық шара бір күнмен шектелмей, жүректерде ұзақ сақталатын әсер қалдырды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #арматура #фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика