AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыда дәрігерді атқан күдіктінің ісіне тағы бір...

Алматыда дәрігерді атқан күдіктінің ісіне тағы бір бап қосылды

Оқиға 27.04.2022, 12:16 1,497
Алматыда дәрігерді атқан күдіктінің ісіне тағы бір бап қосылды
Сурет: Pnp.ru

Алматыда дәрігерді атып өлтірген күдіктінің ісіне тағы бір қылмыстық бап қосылды. Оған Юрий Шумковты өлтіремін деп қорқытты деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Қамауға алынған күдіктіге қатысты тағы бір бап қосылды. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы (Адам өлтіремін немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіремін деп қорқыту, сол сияқты адамға қатысты өзге де ауыр күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» , - деп хабарлады қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.



Оқиға болған күні Бостандық аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастаған болатын. Қозғалған қылмыстық істер біріктірілді. Қазір ол Алматы қалалық полиция департаменті жедел-тергеу тобының өндірісінде. Қылмыстық істің себебі мен басқа да мән-жайларын анықтауға, сондай-ақ толықтығын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.



«Қылмыстық іс бойынша процессуалдық прокурор тағайындалып, оған ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 197-бабына сәйкес жазбаша нұсқау берілді» , - деп атап өтті ведомствадан.



Еске салайық, 4 сәуір күні Алматыда белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумковты пациенті болған адам аң аулайтын қарудан атып өлтірді. Кейін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният дәрігердің өліміне қатысты пікір білдірді. Дәрігердің артында, жұбайы, үш баласы мен қарт ата-анасы қалды.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#қылмыс #бап #айып
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық боксшылар Сербиядағы турнирде жеті медаль жеңіп алды

Бүгін 18:32

Өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі кикбоксингтен әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:29

Қазақстандық оқушылар OIBO-2026 халықаралық ашық биология олимпиадасына қатысуда

Бүгін 18:26

Мәдениет шамы сөнбесін

Бүгін 17:36

Астанада «Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);