Алматыда БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын ашатын уақыт келді

Алматыда БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын ашатын уақыт келді Сурет: Ақорда кz

Алматыда Орталық Азия және Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын ашатын уақыт келді. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 78-сессиясында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.




«Біздің аймақтың күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе – Ауғанстан. Ол тұрақты, өркендеген мемлекетке және сенімді сауда серіктесіне айналуы керек. Осы орайда Алматыда Орталық Азия және Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын ашатын уақыт келді. БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің барлығын біздің осы бастамамызды қолдауға шақырамын», - деді Президент.



Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Орталық Азия елдерімен көпжақты ынтымақтасты одан әрі нығайтуға ниетті екенін атап өтті.



«Біздің аймақ халықаралық қауымдастықтың «біртұтас әрі дербес» бөлігі ретінде маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ дамудың жаһандық процестеріне өз үлесін қоса алады. Бақытымызға орай, экономикалық белсенділік артып келеді. Соңғы 5 жылда өңір ішіндегі тауар айналымы екі есе өсіп, 10 миллиард долларды құрады», - деп нәтижелерге тоқталды Мемлекет басшысы.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:29

16:08

15:47

15:20

15:08

14:48

14:37

14:20

14:04

12:29

12:16

12:05

11:51

11:46

11:32

11:20

10:50

10:45

10:40

10:29

10:20

10:09

09:54

09:49

09:43