Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда борышкерлерден 1 млрд теңге алимент өндір...

Алматыда борышкерлерден 1 млрд теңге алимент өндірілді

Барлығы 02.12.2025, 16:10 280
Алматыда борышкерлерден 1 млрд теңге алимент өндірілді
Cурет: istockphoto.com

Алматы прокуратурасы балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оның ішінде алименттік төлемдерді өндіріп алу жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау прокуратура органдары қызметінің басты басымдықтарына жатады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Негізгі бағыттардың бірі – кірістерді жасыру жағдайларын қоса алғанда, алимент төлеушілердің міндеттемелерді орындауын қадағалау болып табылады.

Прокуратура алимент бойынша 1 741 757 теңге қарызы бар борышкерді анықтады, ол казинодан 4 миллион теңгеден аса ұтыс ұтқан, алайда үш айдан астам уақыт бойы міндеттемелерін орындаудан қасақана жалтарған.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен ол, ҚР ҚК-нің 139-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығын шектеуге сотталған.

Ағымдағы жылдың 10 айында қала прокуратурасының бастамасымен 14 борышкер алимент төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен алимент өндіріп алу туралы сот актілерін орындамағаны үшін 253 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 16 мың баланың пайдасына 1 млрд теңгеден астам сомаға алимент берешегі өтелді.

Алматы қаласының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағу міндеті ата-аналарға жүктелгенін еске салып, баршаны балалар алдындағы өз міндеттерін уақтылы орындауға шақырады.

Алимент төлеуден жалтару әкімшілік (ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы) және қылмыстық жауаптылыққа (ҚР ҚК-нің 139-бабы) әкеп соғады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #борышкерлер #Алимент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі