AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда биыл полиция мен еріктілер 670 наркосайтт...

Алматыда биыл полиция мен еріктілер 670 наркосайтты бұғаттады

Алматы 26.03.2026, 11:32 508
Алматыда биыл полиция мен еріктілер 670 наркосайтты бұғаттады
Алматы қаласы өңірлік коммуникация қызметінен

Алматыда жыл басынан бері полиция мен еріктілердің күш біріктіріп жұмыс істегенінің арқасында есірткі тарататын 670 сайт пен Telegram-арна анықталып, бұғатталған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде қалалық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Сұлушаш Досболова осылай деп мәлімдеді.

«Атсалысып жатқан әр адам - еріктілер де, күмәнді ресурстар туралы хабарлайтын қарапайым азаматтар да осыған көп еңбек сіңірді», – дейді.

Спикердің айтуынша, наркоресурстарды ақпарат интернет кеңістігін бақылау арқылы, сенім телефонына келіп түскен өтініштер арқылы, «E-Өтініш» платформасы арқылы, сондай-ақ жедел арналар арқылы анықтайды екен.

«Біз азаматтар арқылы, жедел мәлімет арқылы, бір жағынан өзіміз де әлеуметтік желіні бақылап, бір ресурс туралы ақпаратты бірнеше көзден қатар алып отырамыз», – деп толықтырды Сұлушаш Досболова.

Анықталған ресурсты кейін Ақпарат және байланыс министрлігі әзірлеген «Кибернадзор» жүйесіне жолдап, онда оларды бұғаттайды. Полиция өкілінің айтуынша, барлық сайттар бірден жабыла бермейді екен. Кейде таратушыларды толық анықтап алу үшін бұғаттауды кейінге шегере тұрады.

Қоғамның осы іске белсене араласуы есірткі қылмысына қарсы күрестің маңызды бөлігі болып қала беретінін айтады полиция. Азаматтардан келіп түсетін ақпарат қауіпті жедел анықтап, шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Спикер есірткі тарататын наркосайтты, Telegram-арна мен есірткі жарнамалап жатқандарды көрсеңіз, +7 700 113 0102 WhatsApp нөміріне немесе Narko Shekteu Almaty тelegram-каналына хабарлап айтуыңызға болатынын ескертті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер мұрасы заманауи көзқараспен қайта жаңғырды

Кеше 18:15

«Даму» қорының өңірлік желісі базасында «Бәйтерек» холдингінің Кәсіпкерлерді қолдау бірыңғай фронт-офисі жұмысын бастады

Кеше 17:30

Алматыда қалдықтарды бөлек жинау инфрақұрылымы кеңейіп келеді

Кеше 16:55

Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Бочарованы қабылдады

Кеше 16:45

Аңызға айналған «Ақиқат» журналына – 105 жыл

Кеше 16:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);