AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасына үміткерлерге а...

Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасына үміткерлерге арналған тренингтер басталады

Әлеумет 08.09.2021, 13:32 1,335
Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасына үміткерлерге арналған тренингтер басталады
Сурет: Platon.asia

«Алматы» ТА-дағы Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде қала тұрғындарының сұрақтарына жауап бере келіп, мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша аумақты абаттандыру мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


 


Бақытжан Сағынтаев 8 ауданның әрқайсысына қала бюджетінен 800 млн теңге бөлінетінін атап өтті. Жобаның жалпы сомасы 6,4 млрд теңге. Бір жобаның максималды құны 58,3 миллион теңгеден аспауы тиіс.


Жобаға қатысу үшін 1 қазанға дейін budget.open-almaty.kz сайтында қалалық ортаны дамытудың идеясын ұсыну қажет. Егер бұл бастама басқа тұрғындардың дауысымен қолдау тапса, ол қалалық бюджет есебінен жүзеге асады.


Бұл ретте жобаға қатысушылардың дайындық жұмыстарының сапасын арттыру үшін, 13 қыркүйектен бастап «Бюджетке қатысу» бойынша тегін онлайн-тренингтер Uyumdasu Participatory Budgeting әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылады. Тренингке «Open Almaty» сайтындағы сілтеме бойынша тіркелуге болады.


Еске салсақ, «Бюджетке қатысу» жобасы Алматыда екінші жыл жүзеге асырылуда. 23 тамыздан бастап жобаны іске асырудың үшінші жылына өтінімдерді қабылдау басталды. Екі жыл ішінде саябақтарды, скверлерді, аулаларды абаттандыруға, сондай-ақ көпшілік пайдаланылатын жерлерді жарықтандыруға және жөндеуге жалпы құны 7,3 млрд теңге болатын 322 жоба (2020 ж. - 49 жоба, 2021ж. - 273 жоба) іске асты.


Бұл жобадағы бюджеттің үлесі 5%-ды құрайды, бұл белгіленген ең төменгі көлемнен 10 есе көп – жылдық бюджеттің 0,5%-ынан кем емес. Болашақта «Бюджетке қатысу» жобасы аясында қаржыландыруды көбейтіп қана қоймай, шеткі аймақтар үшін жобаларды іріктеу процедураларын одан әрі жетілдіру жоспарлануда. Осылайша тұрғындардан жыл бойы ұсыныстар жинау жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бюджет #Сағынтаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Кеше 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Кеше 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Кеше 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Кеше 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Кеше 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);