AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша тұрғында...

Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша тұрғындар 36 жоба ұсынды

Әлеумет 07.09.2021, 09:57 1,202
Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша тұрғындар 36 жоба ұсынды
www.inform.kz

Алматы қаласының «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша тұрғындардан 36 өтінім келіп түсті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Естеріңізге салсақ, Алматы қаласының бюджетін бөлу процесіне тұрғындардың қатысуын қарастыратын «Бюджетке қатысу» жобасы аясында жобалық ұсыныстарды қабылдау 23 тамыздан басталған болатын. Биылғы жылдың 23 тамызы мен 6 қыркүйегі аралығында қала тұрғындары 36 жоба ұсынды.



«Open Almaty» Алматы қаласы әкімдігінің қоғамдық қабылдау бөлмесінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ең көп өтінім Алатау ауданынан абаттандыру бойынша (23), одан кейін Алмалы және Әуезов аудандары (4-тен), Бостандық ауданынан (2) келіп түсті. Бір өтінімнен Наурызбай, Түрксіб және Жетісу аудандарының тұрғындарынан түскен.



Аталмыш жобаны жүзеге асыруға Алматы қаласының әкімдігі 6,4 млрд теңге, яғни, әр ауданға 800 млн теңгеден бөледі.


Айта кетейік, қала тұрғындарынан өтінімдер негізінен көпшілік серуендейтін жерлерде орындық, қоқыс жәшігі және балалар алаңын орнату, ересек тұрғындардың демалуына қажетті жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу» (27), «Ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер)» (7), «Жиектас, өрнектас, қоршауды жөндеу» (1) және «Тротуарларды абаттандыру»(1) мәселелері бойынша түскен.


Сондай-ақ, ұсыныстардың ішінде Алматы қаласының халықаралық әуежайында веложол салу, аула, балалар мен спорт алаңын күрделі жөндеу, үйлердің қасбетін жөндеу және сырлау және т.б. бар.


Тұрғындардың жобаға қатысу жолдары жайлы «Open Almaty» Алматы қаласы әкімдігінің қоғамдық қабылдау бөлмесі «Қала тұрғындары 1 қазанға дейін қалалық ортаны дамыту жөнінде ұсыныс идеясын budget.open-almaty.kz порталына жіберу қажет. Егер бұл бастама басқа тұрғындардың дауыстарымен қолдау тапса, ол қалалық бюджет есебінен жүзеге асырылады» деп мәлімдеді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бюджет #өтінім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);