ffin.kz

Алматыда Бітімгерлік операциялар орталығы гендерлік мәселелер бойынша пилоттық курс өткізеді

Алматыда Бітімгерлік операциялар орталығы гендерлік мәселелер бойынша пилоттық курс өткізеді Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығында «БҰҰ бітімгерлік операцияларындағы гендерлік аспектілер» атты пилоттық курсы ұйымдастырылды.


Аталған курстың бағдарламасын Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығының нұсқаушылары әзірледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Курс тыңдаушыларына арналған дәрістерді 2-сыныптың төтенше және өкілетті өкілі – Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының бас кеңесшісі Мадина Жарбосынова, заң ғылымдарының PhD докторы Халида Әжіғұлова, «Қазақстанның қоғамдық құқықтар және тең мүмкіндіктер институты» қоғамдық қорының президенті, ARASHA тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған баспана директоры Маргарита Өскембаева оқиды.


– Қарулы қақтығыстар орын алатын тұрақсыз аймақтарда ең осал санаттағылар – әйелдер мен балалар. Сондықтан әйелдердің БҰҰ бітімгерлік миссияларына қатысуы өте маңызды. Олар мәселелерді бейбіт жолмен реттеуге, осы санаттағы азаматтардың құқықтарын қорғауға ықпал етеді. Бұл тұрғыда ұлттық контингентті гендерлік аспектіні ескере отырып дайындау ерекше маңызды, – деп атап өтті Бітімгерлік операциялар орталығы бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары полковник Руслан Маерманов.

Курстарды Қарулы күштердің, ҰҚК Шекара қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық ұлан және Бас прокуратураның әйелдеріне өткізеді. Тыңдаушылар бітімгерлік операцияларға қолданылатын халықаралық құқықтың негіздерімен, халықты қорғаудың құқықтық негіздерімен және тұжырымдамасымен танысады. Одан бөлек жыныстық қанау және қарулы қақтығысқа байланысты зорлық-зомбылық тақырыптары да қарастырылады.


Сабақтар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» 1325 (2000) қарарын іске асыру мәселелерінде тыңдаушылардың хабардарлығын арттырады. Жалпы бұл пилоттық жоба Қазақстандағы әйелдердің жағдайын жақсарту және ҚР Қарулы күштерінің БҰҰ бітімгерлік миссияларына қатысуын кеңейту жөніндегі Ұлттық іс-қимыл жоспарының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51