Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткен тәулік ішінде Алматы қаласының аумағында жол қозғалысы ережелерінің 2 092 бұзушылығы анықталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Оның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін 249 өрескел бұзушылық бар.
Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде:
* көлік құралын мас күйінде басқару – 7 факт;
* көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы – 1 факт;
* жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісімен көлік құралын басқару – 1 факт;
* маневр жасау қағидаларын бұзу, оның ішінде қауіпті маневр жасау («шашка») – 71 факт;
* қауіпсіздік белдігін тақпау – 126 факт;
* қарсы қозғалыс жолағына шығу – 10 факт;
* көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану – 26 факт.
Сонымен қатар, 23 көлік құралы арнайы тұраққа қойылды.