Алматы қаласының прокуратурасы ұсынған мәлімет бойынша, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде өткен тәулікте Алматы қаласының аумағында Жол жүрісі қағидаларының 1 826 бұзушылығы анықталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Оның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін 176 өрескел құқық бұзушылық тіркелді.
Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде:
* көлік құралын масаң күйде басқару – 7 факт;
* көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы – 1 факт;
* маневр жасау қағидаларын бұзу, оның ішінде қауіпті маневр жасау («шашка») – 59 факт;
* қауіпсіздік белдігін тақпау – 79 факт;
* қарсы қозғалыс жолағына шығу – 8 факт;
* көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану – 32 факт.
16 көлік құралы арнайы тұраққа қойылды.
Сонымен қатар, көлік құралын есірткілік масаң күйде (мефедрон) басқару фактісі анықталды.
Аталған факт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Сондай-ақ көлік құралын кәмелетке толмаған адамның басқару фактісі анықталды.
Аталған факт бойынша көлік құралының иесі ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 5-бөлігі бойынша, ал кәмелетке толмағанның заңды өкілі ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Дереккөз: