Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткен тәулікте Алматы қаласының аумағында 2 477 жол жүрісі қағидаларын бұзу фактісі анықталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Оның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін 461 өрескел құқық бұзушылық тіркелді.
Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде:
* көлік құралын мас күйінде басқару – 13 дерек;
* көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлғалардың көлік құралын басқаруы – 3 дерек;
* маневр жасау қағидаларын бұзу, оның ішінде қауіпті маневр жасау («шашки») – 89 дерек;
* қауіпсіздік белдігін тақпау – 185 дерек;
* қарсы қозғалыс жолағына шығу – 20 дерек;
* көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану – 148 дерек.
Сонымен қатар, 26 көлік құралы арнайы тұраққа орналастырылды.