Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда білім беру саласын қаржыландыру 2025 жылы...

Алматыда білім беру саласын қаржыландыру 2025 жылы 16% - ға ұлғаяды

Әлеумет 06.12.2024, 15:02 803
Алматыда білім беру саласын қаржыландыру 2025 жылы 16% - ға ұлғаяды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда ТМД-дағы алғашқы балаларға арналған Ғылым мұражайдың құрылысы басталады
 
Алматыда білім беру саласын қаржыландыру көлемі 2025 жылға қарай 16% - ға артады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев қалалық мәслихаттың 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті бекітілген сессиясы барысында хабарлады. 

"2024 жылы білім беру саласын қаржыландыруға 479,3 млрд теңге бөлінді. 2025 жылы қаржыландыру көлемі тағы 16% - ға 555,4 млрд теңгеге дейін ұлғаяды", - деп атап өтті мегаполис басшысы.  

Оның айтуынша, оқушы орындарының тапшылығын төмендету мақсатында 2024 жылы 11,8 мың орынға 9 мектеп іске қосылады. 2025 жылы "Жайлы мектеп" Ұлттық жобасы аясында 27,3 мың орындық тағы 15 мектептің құрылысы аяқталады. 

Мемлекет басшысының қолдауына орай, 2025 жылдан бастап Алматыда бұрынғы "Алмалы" СО базасында балаларға арналған ТМД-дағы алғашқы Ғылым мұражайын Science Museum Singapore-мен бірлесіп құру басталады. Осы мақсаттарға қала бюджетінен 12,2 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Айта кетейік, Singapore Science Museum-бұл шығармашылық процестің ғылым мен өнердегі рөлін және оның қоғамның санасына әсерін зерттеуге бағытталған әлемдегі алғашқы мұражай.  

Естеріңізге сала кетейік, жалпы Алматыда жергілікті бюджет есебінен жаңа мектептер, қосалқы нысандар салу арқылы оқушы орындарының тапшылығының басқарылатын деңгейіне қол жеткізу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 2025 жылы жайлы мектептерді пайдалануға беруді ескере отырып, оқушы орындарының тапшылығы басқарылатын деңгейге - 3-4 мың орынға дейін төмендейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #білім #бала #Ғылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда кенеге қарсы күрес жүріп жатыр: мамандар осы жолы 2,3 мың гектар жерді дәрілеп шықпақшы

Бүгін 12:33

Қазақстанда құстың 20 жаңа түрі табылды

Бүгін 12:18

Алматы қаласының Алмалы ауданында 60 тұрғын үйдің қасбеті жаңарады

Бүгін 12:15

Марқұм Нұрай Серікбайдың ісі: күдікті психикалық емдеу орталығына жатқызылған

Бүгін 12:13

Қазақстанда кейбір кітаптарды сақтағандар жауапқа тартылмақ

Бүгін 12:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика