AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда білім алуға бірдей мүмкіндік беруді талқы...

Алматыда білім алуға бірдей мүмкіндік беруді талқылады

Білім және ғылым 07.04.2026, 11:37 182 yakiya
Алматыда білім алуға бірдей мүмкіндік беруді талқылады
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстандағы Ғылым күні мен әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулерді дамытудың болашағына арналған баспасөз конференциясы болып өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің педагогика ғылымдарының докторы, профессоры Акмарал Магауова инклюзивті білім беру бүгінгі таңда мемлекеттік білім беру саясатының негізгі стратегиясының бірі әрі әділетті де тұрақты қоғам қалыптастырудың маңызды шарты екенін мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, қазіргі білім беру жүйесі тұлғаны дамыту мен баршаға тең мүмкіндік ұсынуға бағытталған жаңару кезеңін бастан өткеріп жатыр. ЮНЕСКО мен Біріккен Ұлттар Ұйымы құжаттарында бекітілген инклюзивті тәсіл ашық әрі төзімді қоғам құрудың негізі ретінде қарастырылады.

«Қазіргі әлем жаңа білім беру парадигмасына көше бастады, оның орталығында адам мен оның дамуы тұр. Инклюзивті білім беру осы жүйенің ажырамас бөлігіне айналып барады. Ол білім мен мүмкіндікке әр адамның бірдей қолы жететін қоғам қалыптастыруға ұмтылады», — дейді спикер.

Қазақстан халықаралық тәсілді, соның ішінде 2008 жылы ратификацияланған БҰҰ-ның Мүгедектердің құқығы туралы конвенциясы ережесін белсенді түрде енгізе бастады. Ұлттық заңнама барлық азаматтың, әсіресе ерекше білім беруге мұқтаж жандардың білім алу құқығын да қамтамасыз етеді.

«Инклюзивті білім беру әлемдік қауымдастық тарапынан теңдікті қамтамасыз етудің тиімді тетігі ретінде мойындалған. Қазақстанда бұл білім беру жүйесін дамытудың заңды кезеңіне айналып, инклюзивті қоғам құруға деген ұмтылыс пен беталысты көрсетеді. Мемлекет әр адамның білім алу құқығын жүзеге асыруы үшін жағдай жасап жатыр», — деп атап өтті спикер.

Қазіргі таңда елде инклюзивті жоғары білім беру жүйесі қалыптасып келеді. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандарға мамандық алып, қоғамға кірігуге жол ашады. Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне қарағанда, қазір жоғары оқу орыннында 1400-ден астам мүгедектігі бар студент білім алып жатыр. Олардың арасында ең сұранысқа ие бағыттар — педагогика, әлеуметтік жұмыс, құқықтану, экономика мен ақпараттық технологиялар екен.

«Ерекше білім беруге мұқтаж адамдар үшін білім беру — әлеуметтенудің маңызды құралы. Ол әлеуметтік мәртебені арттырып, кәсіби өсуге мүмкіндік береді. Сондықтан инклюзивті жоғары білімді дамыту – басым міндеттің бірі», — деді Акмарал Магауова.

Мемлекеттік саясат аясында кедергісіз орта қалыптастыру, бейімделген білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен жеке оқу траекторияларын енгізу бойынша жұмыс істеліп жатыр. Студенттерді психологиялық-педагогикалық қолдауға, олардың әлеуметтік және кәсіби бейімделуіне көп көңіл бөлінген.

«Білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету ғана емес, студенттердің табысты бейімделуіне жағдай жасау да маңызды. Бұл білім беру, психологиялық, әлеуметтік және медициналық қолдауды қамтиды. Тек кешенді тәсіл ғана шынайы инклюзияға қол жеткізуге мүмкіндік береді», — дейді ол.

Сонымен қатар, Қазақстанда ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттердің өзін-өзі кәсіби айқындауын қалыптастыруға бағытталған ғылыми жоба жүзеге асырыла бастады. Оның аясында зерттеулер, тренингтер мен оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру курстары өткізіліп жатыр.

Сарапшылардың пікірінше, инклюзивті білім беруді дамыта түсу үшін білім беру бағдарламасын жетілдіріп, инфрақұрылымды кеңейтіп, студенттерді қолдауды күшейте түсу қажет. Қолжетімді орта құру, әлеуметтік-мәдени оқыту моделін енгізу мен студенттердің жоғарғы оқу орнының қоғамдық өміріне қатысу деңгейін арттыру басым бағыттың бірі болып қалды.

Кездесу қорытындысы бойынша, инклюзивтілік Қазақстан қоғамының дамуының негізгі қағидаттарының біріне айналып келе жатқаны, ол әр азаматқа оның ерекшеліктері мен өмірлік жағдайына қарамастан тең мүмкіндік беретіндігі атап өтілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инклюзивті білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);