AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда бейнебақылау камераларының көмегімен 200-...

Алматыда бейнебақылау камераларының көмегімен 200-ден аса қылмыс ашылған

Әлеумет 28.03.2025, 17:56 686 Nursok82
Алматыда бейнебақылау камераларының көмегімен 200-ден аса қылмыс ашылған
видеодан алынды

Биыл Алматыда бейнебақылау камераларының көмегімен 272 қылмыстың беті ашылған. Ал құрылғыларға жақында ғана енгізілген жаңа функция көлігін тұраққа дұрыс қоймаған 900 жүргізушіні анықтапты. Қаланың тыныштығын күзететін әрі бұзақыларды ұстауға жәрдемдесетін бейнекамералардың саны бүгінде қаншаға жеткен? Олар тағы нендей қызметке жарап жатыр? Осы және өзге де сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек жауап берді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

– Алматыда бейнекамералардың саны бүгінде қаншаға жеткен?

"Алматы полициясының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде және қылмыстылықпен күресуде 176 мың бейнекамераның көмегін пайдалануда. Бұл қоғамдық тәртіпті ғана емес, сонымен қатар жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, іс-түссіз жоғалған азаматтарды, қылмыскерлерді іздеуде септігі зор. Былтыр бейнекамералардың көмегімен 3,5 мыңнан аса қылмыстың беті ашылды. Сонымен қатар қаламыздағы жол ахуалын зерделеу, бақылау кезінде 3 миллионнан астам жол жүру ережесі анықталды. Бұл – өте жақсы статистика.  Айта кетейік, қаламыздағы бейнекамераларға жаңа функция енгізілді. Әсіресе қоғамдық орындарда орналастырылған бейнекамераларда бет тану функциясы бар. Іздеуде жүрген азамат бейнекамералардың төңірегінен өтсе, міндетті түрде дабыл қағып, полиция қызметкерлері ұстауға бағытталған іс-шараларды қолға алады".

– Жаңа функциялар қандай нәтиже беріп жатыр? Заң бұзғандарға қатысты дерек былтырғымен салыстырғанда қаншаға азайды?

"Әрине бейнекамералардың рөлі өте зор. Үлкен мегаполисте қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде, тек адами фактор емес, жаңа технология – біз үшін көмек. Бейнекамера бар жерде қылмыс өте сирек болады. Қоғамдық орындарда өткен жылғы екі аймен салыстырсақ, биыл 27 пайызға қылмыс саны азайды. Бұл –оның тәртіптік рөлінің бірден бір айқын белгісі".

Телеграм арнаға жазылыңыз
#камера #қоғамдық тәртіп #заң бұзушылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);