ffin.kz

Алматыда «Бауырсақ fest» V қалалық фестивалі өтті

Алматыда «Бауырсақ fest» V қалалық фестивалі өтті Суреттерді түсірген - С.Құсайынов

Алматыда Республика күні қарсаңында және Халықаралық нан күні мен Халықаралық аспаздар күніне орай ұлттық дәм-тағамдарымызды насихаттау мақсатында «Бауырсақ fest» V қалалық фестивалі өтті.


Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде ұйымдастырылған фестиваль салт-дәстүрлеріміз бен мәдениетімізді – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани мұрамызды ұмытпай, бүгінгі заманға сай дамытып, жалғастырып отыруға үндейді. 


«Бауырсақ fest» V қалалық фестиваліне жиналған меймандар, студенттер дастархан үстіне қойылған мол бауырсақтан дәм татты. Ал оған қатысқан мамандар бір ғана ұн өнімінен бауырсақ, шелпек пісіріп қана қоймай, «алты қанатты ақ орданы», «ақ сәлделі атаны», «ақ кимешекті әжені», жайлау төсіндегі төрт түлік малдың бейнесін де, тіпті тербетіліп тұрған алтыбақанды да «пісірген». Кәсіби шеберлікке, шексіз фантазияға «бәрекелді» демеске амалың да қалмайды.
Фестивальде Алматы қаласындағы колледждердің оқытушылары 3 номинация бойынша сайысқа түсіп, «Дәстүрлі бауырсақ», «Ши бауырсақ», «Авторлық бауырсақ» пісірді. Олардың бауырсақтарын кәсіби наубайхана және кондитерлік технологтардан тұратын қазылар алқасы бағалады. 



Фестиваль қорытындысында «Дәстүрлі бауырсақ» номинациясында жеңіске жеткендер:  1-орын – Арай Алмасбек (Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі), 2-орын – Гүлдана Исенбаева (Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі), 3-орын – Кәмшат Шалданбаева (Алматы сән және дизайн колледжі). 


«Ши бауырсақ» жүлдегерлері: 1-орын – Назгүл Құрманғазы (Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі), 2-орын – Фарида Әлменова (Алматы сән және дизайн колледжі), 3-орын – Айгерім  Нүсіпова (Алматы мемлекеттік бизнес колледжі). 
Ал «Авторлық бауырсақ» номинациясында қуанышқа бөленгендер: 1-орын – Динара Күлтаева (Алматы технологиялық-экономикалық кллледжі), 2-орын – Аяужан Болат (Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі), 3-орын – Әйгерім Диханова (Алматы мемлекеттік бизнес колледжі).
Тәбетті ашар нан өнімдері қойылған ерекше «Art стол» номинациясының жүлдегерлері: 1- орын – Эльмира Малдыбаева, Ұлбала Дәуітбек, Ақнұр Қуандықова (Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі), 2-орын – Гүлжан Иманқұлова, Әмина Ержан, Аружан Қожабек (Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі), 3-орын – Олеся Отенко, Бота Қанапиянова, Аяулым Қуаныш (Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі). 
«Бауырсақ» фестивалінің соңы мерекелік концертке ұласты.




Ерұлан ҚАРАҒҰЛОВ, Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің директоры:



– «Бауырсақ» фестивалін ең алғаш осыдан бес жыл бұрын ұйымдастырған едік. Ол кезде тек өз ішімізде өткізетінбіз. Міне, көріп отырсыздар, биыл аясы кеңейіп, қаладағы өзге колледждер ұжымы да қатысып, өнерлерін ортаға салып жатыр. Бұл фестивальге 100-ден астам педагог, оқушылар қатысуға ниет білдірді. Алматы қалалық әкімдігінің, қалалық Білім басқармасының қолдауымен фестивальдің мәртебесінің биіктегеніне біз де марқайып қалдық. Біз қазақтың қонақжай болмысын насихаттағымыз келеді, осы салада жүрген әріптестерге бір-бірімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасағымыз келеді. Сол арқылы аспаз мамандығының мәртебесін көтеріп, жастарға үлгі болып, оларды еңбекқорлыққа баулу –басты мақсатымыз.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04