AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Әлемдік рекорд пен алтын медаль

Әлемдік рекорд пен алтын медаль

Спорт Бүгін 19:04 26
Әлемдік рекорд пен алтын медаль
ҚР ТЖМ

Алматыда өрт-құтқару спорты бойынша әлем чемпиондарын салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Әзірбайжан астанасында ерлер арасындағы XXI және әйелдер арасындағы XII өрт-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.

Әлемнің 17 елінен келген спортшылар, оның ішінде Қазақстан, Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Моңғолия, Өзбекстан, Қытай, Германия және басқа да мемлекеттердің өкілдері өзара мықтыны анықтады.

Қазақстан құрамасының басты жетістігі ерлер арасындағы «Жауынгерлік қанат жаю» дисциплинасында тіркелді. Отандастарымыз 24,52 секунд нәтижесін көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды және жаңа әлемдік рекорд орнатты! Күміс жүлде Моңғолия құрамасына, қола жүлде Өзбекстан спортшыларына бұйырды.

Қазақстанның әйелдер құрамасы да осы дисциплинада 25,41 секунд нәтижесімен қола медаль иеленді. Алтын медаль Ресей құрамасына, күміс жүлде Беларусь спортшыларына бұйырды.

Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болып, тек Ресей мен Беларусь командаларына жол берді.

Бұл жеңістердің артында айлар бойғы тынымсыз дайындық, темірдей тәртіп, жоғары жылдамдық және нағыз командалық жұмыс тұр.

Қазақстандық өрт сөндіруші-спортшылар әлемнің үздік командаларымен тең дәрежеде бәсекеге түсіп қана қоймай, жаңа спорттық рекорд орнатуға қабілетті екендіктерін дәлелдеді.Олар елге тарихи жетістікпен оралып, бүкіл Қазақстан мақтан тұтар жеңіске қол жеткізді!

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Альбина Бахиева – әлем чемпионы

Бүгін 19:11

Софья Берульцева «Парасат» орденімен марапатталды

Бүгін 17:21

Президент мақтауын естіген параспортшы көз жасына ерік берді

Бүгін 17:17

Эстонияның ERR қоғамдық телеарнасы Алматы туристік әлеуеті туралы бағдарлама шығарды

Бүгін 17:09

Мемлекет басшысы Камбоджа Премьер-министрін құттықтады

Бүгін 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);