AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Балаларды қорғау күніне орай тегін медици...

Алматыда Балаларды қорғау күніне орай тегін медициналық тексерулер мен кеңестер өтеді

Әлеумет 26.05.2026, 15:26 529
Алматыда Балаларды қорғау күніне орай тегін медициналық тексерулер мен кеңестер өтеді
Алматы әкімдігі

Алматыда Балаларды қорғау күніне орай тегін медициналық тексерулер мен кеңестер өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматыдағы барлық медициналық мекемеде балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және түрлі аурулардың алдын алуға арналған ашық есік күндері өтеді. Бұл туралы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері хабарлады.

Бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарына педиатр, стоматолог, травматолог, инфекционист, невропатолог, ЛОР дәрігері, акушер-гинеколог және өзге де салалық мамандар тегін кеңес береді. Іс-шараларға жетекші сарапшылар, ғылыми қызметкерлер және штаттан тыс бас мамандар қатысады.

Сонымен қатар, қаладағы медициналық ұйымдарда профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру шаралары, ата-аналар мен жасөспірімдерге арналған пікір алмасу алаңдары, сурет байқаулары мен мәдени-көпшілік бағдарламалар ұйымдастырылады. Бұл бастамаға салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары мен Жастар денсаулық орталықтары да атсалысады.

Әсіресе, ерекше қажеттілігі бар балалар мен диспансерлік есепте тұрған балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Олар үшін кеңестік көмектің қолжетімділігі кеңейтіліп, ерекше қажеттілігі бар балаларға үй жағдайында көшпелі медициналық тексерулер жүргізіледі.

Іс-шаралардың басты мақсаты — балалар мен жастар арасында физикалық, психикалық және репродуктивтік денсаулыққа қарау мәдениетін қалыптастыру.

Ашық есік күндерінің толық бағдарламасымен тұрғындар Алматыдағы медициналық ұйымдардың ресми сайттары мен әлеуметтік желідегі парақшаларынан, сондай-ақ емдеуші дәрігерлерінен біле алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Балаларды қорғау күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады

Бүгін 22:00

«Алматы кештері» музыкалық кеші өтті

Бүгін 20:57

Алматыда Сыдық Дәулетовтің «Нар жолы» кітабы таныстырылды

Бүгін 20:52

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Алматы қаласы мен Алматы облысындағы ірі жобалардың жай-күйімен танысты

Бүгін 19:31

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Алматы қаласы мен Алматы облысындағы ірі жобалардың жай-күйімен танысты

Бүгін 18:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);