Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда балаларды оңалтудың ең көне орталықтарыны...

Алматыда балаларды оңалтудың ең көне орталықтарының бірі — «Алау» жаңартылуда

Әлеумет Бүгін 14:25 103
Алматыда балаларды оңалтудың ең көне орталықтарының бірі — «Алау» жаңартылуда
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

Алматыда жұмыс сапары аясында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов «Алау» балаларды оңалту орталығына барып, ғимаратта жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Алау» орталығы – қаладағы балаларды оңалтумен айналысатын ең көне медициналық мекемелердің бірі. 1982 жылы ашылғаннан бері ол түрлі аурудан кейін балалардың денсаулығын қалпына келтіруге көмектесіп келеді және ондаған жыл бойы Алматыдағы балаларға медициналық көмек көрсету жүйесінің маңызды бөлігіне айналған.

Орталық пульмонологиялық және соматикалық аурулары бар, сондай-ақ орталық жүйке жүйесі зақымданған балаларды оңалту еміне маманданған. Кішкентай пациенттер қажетті медициналық көмекті тегін алады. Орталыққа жатқызу Госпитализация бюросының порталы арқылы жүзеге асырылады.

Сапар барысында Марат Пашимов құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, орталық ғимаратын аралап көрді. Сондай-ақ, медициналық ұйым басшылығымен оңалту қызметін одан әрі дамыту жоспарын талқылады.

Ғимаратты күрделі жөндеу жұмыстары 2025 жылы қыркүйекте басталған. Жөндеу жұмыстарын 2026 жылы маусымда аяқтау жоспарланып отыр. Қайта жаңғыртудың негізгі мақсаты — балаларды емдеу мен оңалту үшін заманауи, қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру.

Жаңғырту аясында инженерлік коммуникациялар жаңартылып, ішкі жөндеу жүргізілуде. Сонымен қатар медициналық кабинеттер мен ем-шара бөлмелері жаңғыртылып жатыр. Балалар мен олардың ата-аналары үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ оңалту кеңістіктері мен медициналық жабдықтарды жаңартуға ерекше көңіл бөлініп келеді.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін «Алау» орталығы бұрынғыдан да заманауи әрі функционалды медициналық мекемеге айналады. Медициналық оңалту мүмкіндіктерін кеңейту, қалпына келтіру емінің жаңа әдістерін енгізу және кішкентай пациенттер үшін барынша қолайлы жағдай жасау жоспарланып отыр.

Бүгінде орталық өзінің басты миссиясын — балаларға оңалту емінен өтуге көмектесу, олардың денсаулығын нығайту және белсенді өмірге қайта оралуына қолдау көрсету жұмыстарын жалғастыруда. Мұнда жыл сайын медициналық оңалтуды қажет ететін жүздеген бала ем алады.

Орталықтағы күрделі жөндеу жұмыстары Алматыдағы балаларды оңалту жүйесін дамытудағы маңызды қадам болмақ. Бұл балалар мен олардың отбасылары үшін көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Оңалту орталығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурызнама: Алматы театрлары «Қара жорға» ырғағымен тоғысты

Бүгін 16:04

2026 жылдың көктемгі сәні: гардеробты қалай жаңартамыз?

Бүгін 15:44

«Алматылық легион» баскетболдан Қазақстан чемпионатында өз алаңында екі матчта да жеңіске жетті

Бүгін 15:36

Республикалық «Ұлттық кітап» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Бүгін 15:12

Әнші Рахат Тұрлыханов полиция бөліміне әкелінді

Бүгін 14:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика