AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда азық-түлік инфляциясы үш айда 3,1% болды

Алматыда азық-түлік инфляциясы үш айда 3,1% болды

Әлеумет 02.04.2026, 17:31 211 yakiya
Алматыда азық-түлік инфляциясы үш айда 3,1% болды

Алматыда 2026 жылы қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша азық-түлік инфляциясы 3,1% болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл көрсеткіш республика бойынша орташа деңгейге (2,9%) жақын. Ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы салыстырмалы түрде төмен қарқынмен өсіп жатыр.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеді.

Оның айтуынша, кеңейтілген тізімге енгізілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 19 атаудан 31 атауға дейін жыл басынан бері 0,9%-ға өскен.

"Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсімі небәрі 0,9% болды, бұл орташа республикалық деңгейден төмен. Біз сүт, ет және бакалея өнімдері бойынша келісімшартқа алынған өнім көлемін екі есе арттыру үшін қосымша 8 млрд теңге бөлдік. Сонымен қатар, шекті сауда үстемесі аясында сөрелердегі бағаны тұрақтандыру үшін ірі сауда желілерімен және жеткізушілермен жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр", деді Олжас Смағұлов.

Қалада демалыс күндері өтетін жәрмеңкелерді дамытуға және өндірушілерден өнімді тікелей жеткізуге ерекше назар аударылып отыр.

"Биыл мыңнан астам жәрмеңке өткізу жоспарланып отыр. Бұл былтырғы көрсеткіштен 2,5 есе көп. Фермерлерден тікелей жеткізілетін өнімдер орташа нарықтық бағадан 5-15%-ға арзан сатылуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қала тұрғындары үшін қолайлы болу мақсатында заманауи дизайндағы, автотұрағы мен санитарлық тораптары бар коммуналдық жәрмеңкелердің жаңа форматтары жасалып жатыр", деді спикер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жәрмеңке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);