Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жоғары білі...

Алматыда Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жоғары білім мәселелері талқыланып жатыр

Әлеумет 01.11.2024, 14:52 1,000
Алматыда Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жоғары білім мәселелері талқыланып жатыр
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жоғары білім беру мәселелеріне арналған пре-саммитке қатысты

Алматыда Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жоғары білім беру мәселелеріне арналған пре-саммит басталды. Іс-шара Қазақстандағы жоғары білімнің дамуы мен жетістіктерінің символы іспетті болған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтіп жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz

 

Пре-саммитке Алматы әкімі Ерболат Досаев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев қатысуда.

 

Іс-шараға Қытай, Жапония, Малайзия, Индонезия, Үндістан және т.б. 16 елдің 350 ЖОО-ның өкілі жиналды. Бұл оқиға Азия-Тынық мұхиты аймағының қарқынды дамып келе жатқан еңбек нарығын қалыптастырудағы университеттердің орталық рөлін талқылауға арналып отыр. Кездесудің басты тақырыбы Орталық Азия елдеріндегі жоғары білім беру саласындағы инновациялық тәсілдер арқылы серпінді ландшафтты дамыту және бірлескен шешімдер іздеу.

 

 

Пре-саммит соңында QS World University Rankings 2025 рейтингісінде үздік атанған университеттерді марапаттау рәсімі өтеді. Әлемнің 1500 университеті кірген рейтингте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 163-орынды иеленді.

 

Айта кетейік, бүгінде Алматыда 35 жоғары оқу орны бар, онда 199 мыңнан астам студент оқиды, оның 124 мыңы өзге өңірден келгендер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #білім #саммит
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Бүгін 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Бүгін 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика