AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қала тынысы / Алматыда азаматтардың интернеттегі есірткі желісін...

Алматыда азаматтардың интернеттегі есірткі желісін анықтауға қалай көмектесіп жатқанын айтты

Қала тынысы Бүгін 10:33 37
Алматыда азаматтардың интернеттегі есірткі желісін анықтауға қалай көмектесіп жатқанын айтты
Алматы қаласы өңірлік коммуникация қызметінен

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Кибереріктілер есірткі бизнесіне қарсы: жаңа есірткіге қарсы саясаттағы қоғамның рөлі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жиынға қатысқандар есірткімен күрестің қалай қарқын алғанын атап өтті: бүгінде қауіптің едәуір бөлігі цифрлық ортаға ауысып, қоғамда оған қарсы тұрардай қауқар пайда болған.

«Цифрлық ортаға ауысқандықтан, есірткіні қазір баяғыдай көшеде сатпайды. Сөйтіп тез өткізеді, сондықтан оны анықтау да қиындау», – деді «Наркостоп» жобасының PR-маманы Жанар Нұрсейітова.

Оның айтуынша, бұл үрдіс халықаралық деңгейде де расталып отыр. Жақында жоба өкілдері Венада өткен БҰҰ-ның Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының сессиясына қатысып, онда «Цифрлық қалқан» тақырыбы талқыланған. Іс-шараға 80-нен астам ел қатысыпты. Есірткі бизнесі трансұлттық, технологиялық сипат алып, мессенджерлерді, онлайн-платформаны, цифрлық төлем мен криптовалютаны пайдалана бастаған. Сондықтан қай ел болсын қаржы ағынын бақылап, қылмысты анықтауға арналған технологияны енгізіп, қоғамды соған қарсы жұмылдырып жатыр.

«Қазір ешбір ел қоғаммен күш біріктірмесе, бұл қауіппен жалғыз өзі тиімді күресе алмайды. Ондай күрестің түкке пайдасы жоқ», – дейді спикер.

Қазір есірткі бизнесімен айналысудың негізгі жолы - интернет: онда жастарға «жеңіл табыс» ұсынып, мессенджерлер арқылы тартып, оларды алдап-арбауға тырысады. Осыған байланысты сарапшылар цифрлық гигиенаны қалыптастырудың маңызын атап өтті. Бұл күмәнді ұсыныстан бас тарту, сілтемелерді сақтықпен басу және тарту белгілерін тану секілді әркім білуі тиіс желідегі қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі дағдылары.

«Наркостоп» жобасы қазірдің өзінде пайдаланушыларды қылмыстық схемалардан сақтандырып, күмәнді нәрсеге жоламаудың жолын үйрететін бейнероликтер әзірлеп, осындай оқыту бастамасын жүзеге асырып жатыр.

«Киберерікті – бұл қауіпті мәселені көріп, қол қусырып қарап отыра алмайтын қарапайым адам. Ол сигналды тіркеп, оны жеткізеді, осылайша қауіпті ертерек анықтауға көмектеседі», – деп түсіндірді Нұрсейітова.

Сарапшылардың айтуынша, бүгінде есірткі қылмысын анықтаудың едәуір бөлігі дәл осындай цифрлық сигналдардан басталады. Азаматтар өтініш жазып, әлеуметтік желілерді бақылап, дер кезінде хабарлап отырады. Мұндай сигналдар тексеріске негіз болып, есірткіні тарататын тұтас тізбекті әшкерелеуге көмектесіп жатыр екен. Құқық бұзушылармен байланысқа шықпайтындықтан, оған араласқан азаматқа ешқандай қауіп төнбейді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстанда есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылдың жаңа моделі қалыптасып, онда қоғам анықтау жүйесінің толыққанды бөлігіне айнала бастаған. Цифрландыру жағдайында мемлекет пен азаматтардың бірлескен күш-жігері ғана тиімді нәтиже бере алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Павлодарда 34 млн теңгеден астам қарызы бар көлік айыптұраққа қойылды

Бүгін 11:43

Алматыда биыл полиция мен еріктілер 670 наркосайтты бұғаттады

Бүгін 11:32

АҚШ-та бойжеткен желіге тәуелді болып қалғаны үшін Instagram, Facebook пен YouTube-тен 1,3 миллиард теңге өндіріп алмақ

Бүгін 11:09

Алматыда экстремизм мен терроризмге қарсы кездесу өтті

Бүгін 10:50

Caspian University-де экстремизмге қарсы күрес мәселелері талқыланды

Бүгін 10:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика