AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда автокөліктерді тексеру барысында шығарынд...

Алматыда автокөліктерді тексеру барысында шығарындылардың шекті нормадан асып кету деректері анықталды

Алматы 06.04.2026, 11:58 178 Сұлу
Алматыда автокөліктерді тексеру барысында шығарындылардың шекті нормадан асып кету деректері анықталды
Алматы әкімдігі

Алматыда автокөліктерді тексеру барысында шығарындылардың шекті нормадан асып кету деректері анықталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда қаланың атмосфералық ауасын қорғау қағидаларын іске асыру аясында экологиялық бекеттерде автокөліктердің шығарындыларына тұрақты түрде мониторинг пен тексеру жүргізіліп келеді. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері хабарлады.

30 наурыз бен 4 сәуір аралығында автокөлік құралдарының пайдаланылған газдарындағы улы заттар мен түтін деңгейіне 4 453 өлшеу жүргізілді. Оның ішінде 4 404-і бензинмен жүретін, ал 49-ы дизель отынын пайдаланатын көлік құралдарына тиесілі.

Мониторинг қорытындысы бойынша 715 автокөліктен белгіленген экологиялық нормалардың асып кеткені анықталды. Оның ішінде 693 жағдайда көміртегі тотығы (CO), ал 22 жағдайда түтін деңгейі бойынша шекті мөлшерден жоғары көрсеткіш тіркелген. Бұл тексерілген көлік құралдарының жалпы санының шамамен 16%-ы.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 334-бабы негізінде әкімшілік хаттама толтырды.

Мониторингтің мақсаты — қаладағы экологиялық ахуалды бақылау және автокөлік шығарындыларынан туындайтын ауа ластануын азайту.

«Eco Almaty» ЖШС-нің мәліметінше, мұндай іс-шаралар тұрақты негізде өткізіліп келеді және алдағы уақытта да жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #көлік #тексеру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Кеше 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Кеше 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Кеше 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Кеше 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Кеше 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);