Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қала тынысы / Алматыда автобустардың зиянды шығарындыларын тексе...

Алматыда автобустардың зиянды шығарындыларын тексеру жалғасып келеді

Қала тынысы Бүгін 15:46 33
Алматыда автобустардың зиянды шығарындыларын тексеру жалғасып келеді
Алматы әкімдігі

Eco Almaty мобильді экологиялық зертханалары қоғамдық көліктің атмосфераға бөлетін шығарындыларының деңгейін тексеруді жалғастырып жатыр., – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылы 5 наурызда мамандар «Досчан-М» автопаркінің автобустарына мониторинг жүргізді. Барлығы 87 автобус тексерілді. Өлшеу нәтижесінде дизель отынымен жүретін 26 автобуста уыттылық нормативтерінің шектен асқаны анықталды.

Сонымен қатар КАП-3 және КАП-6 автобус парктерінде каталитикалық түрлендіргіштері жоқ 85 автобус анықталды.

Жалпы, қала бойынша өткен жылдың соңында уыттылық нормасы асып кеткен 250-ден астам автобус тіркелген.

Қоғамдық көлікті тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл шаралар экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге және қаладағы атмосфералық ауаны ластайтын зиянды шығарындыларды азайтуға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #автобус
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар экоакцияға 1500-ден астам сынапты шам тапсырды

Бүгін 17:04

Бітіруші түлектер жұмыс берушілермен кездесті

Бүгін 16:43

СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

Бүгін 16:20

Грузияда жалғыз қалған қазақстандық жеті жасар қыз елге қайтарылды

Бүгін 16:11

Алматыда студенттерге "Заң мен тәртіп: қауіпсіз қоғам" тақырыбында кездесу өтті

Бүгін 15:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі