Алматыда автобуста жол ақысын төлемей жүрген қанша "қоян" ұсталды?

  • 12:07, 19 тамыз 2025
Алматыда автобуста жол ақысын төлемей жүрген қанша "қоян" ұсталды? Жасанды интеллект

Алматыда жыл басынан бері автобустарда билетсіз жүрген 270 жолаушы анықталған. Оларға қандай шара қолданылады? Қоғамдық көліктегі қауіпсіздік қандай? Метроға қанша адам мінеді? Бұл сұрақтардың жауабын білу үшін Аqshamnews.kz Алматы қалалық мобильділік басқармасына арнайы сауал жолдады.  

Ведомство мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері "Алматыэлектркөлік" ЖШС бақылау-тексеру қызметі қоғамдық көлікте 270 билетсіз жолаушыны анықтады. 

Оларға қандай жаза қолданылды? 

  • 200 адамға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 622-бабы (қоғамдық көлікте билетсіз жол жүру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып,
  • 70 жолаушыға профилактикалық нұсқаулық жүргізілді.

"Бақылау іс-шаралары қоғамдық көлікте жолақысын төлеу мәдениетін қалыптастыруға және заңбұзушылықтарды азайтуға бағытталған. Мұндай тексерулер тұрақты түрде жалғасады", - делінген жауапта. 

Алайда ведомство өкілдері қандай жағдайда хаттама толтырылып, қандай жағдайда нұсқаулық жүргізілетінін түсіндірмеді. 

Жаңа орталық көлік сапасын қалай бақылайды?

2025 жылы Алматы әкімдігінің бастамасымен "Алматы қаласының жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы" ЖШС құрылған. Қазір бұл орталық қоғамдық көлікте билетсіз жолаушыларды анықтау ісін жүйелі ұйымдастыру мәселесін қарастырып отыр. Сонымен қатар, орталық автобус парктерінің сапа критерийлерін қадағалайды. Атап айтқанда:

  • автобустардың техникалық жағдайы;

  • жүргізушілердің біліктілігі;

  • жол қозғалысы ережелерін сақтау деңгейі;

  • қауіпсіздік құралдарының болуы мен жарамдылығы (қауіпсіздік белдіктері, өртсөндіргіш, авариялық шығулар);

  • навигациялық жабдықтардың жұмыс істеуі.

Қоғамдық көліктерде не болуға тиіс?

Бүгінде Алматыда 2500-ге жуық кондиционермен жабдықталған автобус қатынайды.

"Әрбір автобуста алғашқы медициналық көмек қобдишасы болуы міндетті. Оның бар-жоғы мен жарамдылығын көліктік бақылау инспекциясы мен полиция департаменті бірлесіп тексеріп отырады", - деп жауап берді ведомство өкілдері. 

Сонымен қатар, автобус жүргізушілері үшін жол қозғалысы қауіпсіздігі және алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша жүйелі түрде нұсқаулықтар өткізіледі.

Жаңа көлік жобалары

Қалада көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында жаңа метро станциялары мен BRT (жүрдек автобус көлігі) желісі салынып жатыр. Райымбек даңғылында BRT құрылысы белсенді жүргізіледі.

Сондай-ақ, экологиялық көлікті дамыту мақсатында дизель автобустарды газ және электр энергиясымен жүретін автобустарға ауыстыру жұмыстары жалғасып жатыр.

2024 жылы "Алматыэлектркөлік" 600 газ және 100 электравтобустарды сатып алды. Жекеменшік парктер де жыл аяғына дейін экологиялық автобустарды алуды жоспарлап отыр.

Алматыда қанша маршрут субсидияланады?

Қазір Алматыда 206 әлеуметтік маңызы бар маршрут мемлекет тарапынан субсидияланады. Биылға арналған субсидия көлемі шамамен 140 миллиард теңге болды.

Автобус парктерінің жағдайы

Коммуналдық автобус парктерінде жүргізушілер мен қызметкерлерге арналған жатақхана мен демалыс орындары қарастырылған. Бұл ғимараттар заман талаптарына сай жабдықталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:06

13:36

13:32

12:46

12:36

12:27

12:07

12:07

11:56

11:50

11:44

11:40

11:16

11:09

10:57

10:00

09:07

22:55

20:04

20:03

18:23

17:54

17:52

17:12

16:52