Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда ауаның ластануымен күресу үшін қандай шар...

Алматыда ауаның ластануымен күресу үшін қандай шаралар қабылданады?

Әлеумет 12.09.2022, 09:18 1,045
Алматыда ауаның ластануымен күресу үшін қандай шаралар қабылданады?
YouTube

Ауаны ластаудың негізгі көздері автокөлік шығарындылары, жылу энергетикалық кешендер (ЖЭО-2,3), Алматы мен Алматы агломерациясының газдандырылмаған үйлері мен саяжайлары, өндірістік кәсіпорындар болып табылады. Тығыз салынған нүктелі құрылыстар қаланы желдетуді төмендетіп, ауаның ластану деңгейіне кері әсер етду. Бұл туралы "Алматыны 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі негізгі басымдықтарда" айтылған. 



2021 жылы залалды заттардың жалпы көлемі 127 мың тоннаны құрады. Оның ішінде 70 мың тонна – автокөліктен, 46 мың тонна – стационарлық көздерден (оның ішінде 36 мың тонна ЖЭО-2), 11 мың тонна-жеке сектордан. 



Әзірленген Алматы қаласын 2025 жылға дейін және орта мерзімді перспективаларды 2030 жылға дейін дамыту Бағдарламасы аясында ауаға кері әсер ететін залалды заттарды азайту және қоршаған ортаны жақсарту бойынша кезең-кезеңмен жүзеге асатын шаралар әзірленді. Алматыда 2023 жылға дейінгі даму бағдарламасына сәйкес пайдаланылған газдардың уыттылығы мен түтіндігі нормаларына сәйкестігіне автомобиль шығарындыларын өлшеуді жүргізу қағидалары қабылданады, автокөліктерге экологиялық сынып беру туралы регламент әзірленеді. Құжат Еуразиялық экономикалық одақтың экомаркировка жасау жөніндегі техрегламентіне сәйкес болады.



2025 жылға дейін ауаны ластайтын залалды заттардың деңгейі төмен аймақтарға көліктің  кіруін шектеу үшін автомобильдер экомаркировкаланады. 2025 жылдың соңына дейін коммуналдық техника – дизель отынымен жұмыс істейтін 3,4 мың бірлік арнайы техника мен автобус сығымдалған табиғи газ бен электр тартымына ауыстырылады. Бұл залалады заттарды жылына 1 мың тоннаға азайтуға мүмкіндік береді.  2025 жылға дейін 1200 дизельді автобус газ бен электр тартымына ауысады. Бұл шығарындыларды жылына 2 мың тоннаға азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сығымдалған табиғи газбен жүретін автобустар үшін жаңа инфрақұрылым салу және т. б. жоспарлануда.



Сондай-ақ жеке (2025 Ж.) және қоғамдық электр көлігін (2030 ж.) зарядтау үшін инфрақұрылым желілері жасалады. 2030 жылға қарай электр автобустары үшін 3 жаңа заманауи депо пайдалануға беріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ауасапасы #Автокөлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ерекше баланың анасына еңбек өтілі жазылады

Бүгін 10:15

Тоқаев Израиль Президентін құттықтады

Бүгін 09:40

Алматыда «ЭКСТРИМ» цирктік шоуы көрерменге жол тартты

Бүгін 09:27

Алматыда бүгіннен бастап екі автобустың қозғалысы өзгереді

Бүгін 09:14

Қазақстанда тұрақты тұруға ниеттілер қазақ тілін В2 деңгейінде білуге міндетті

Бүгін 09:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика