AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда ат спорты танымал болып барады

Алматыда ат спорты танымал болып барады

Алматы 20.03.2026, 11:11 222 Дина
Алматыда ат спорты танымал болып барады

Ұлттық ат спорты ауыл арасындағы ойыннан бара-бара кәсіби индустрияға айналып келеді. Қалада клубтар ашылып, жарыс өтіп, жастар техника мен мәдениетті қатар ұштастыратын дәстүрлі спортқа көптеп келе бастапты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қалалық ұлттық және ат спорты түрлері клубының жетекшісі Нұрлан Оспанов: «Қазақстанда ұлттық ат спортының 11 түрі бар. Олардың қатарында асық ату, аударыспақ, бәйге, теңге ілу, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, жамбы ату да бар. Алматыдағы біздің клубта спорттың осы түрімен 1490 спортшы айналысады қазір. Ең жақсы дамып жатқан түрлері — асық ату, тоғызқұмалақ пен қазақша күрес»,- деп толықтырды әңгімені.

Бұл спортта жастарға көп көңіл бөлген. Аударыспақ пен теңге ілу бойынша аға жаттықтырушы Асхат Рысов былай дейді: «Қазір біздің президент ұлттық ат спорты түрлеріне ерекше көңіл бөліп жатыр. Бізде бастапқы дайындық тобы бар, бұлар 15–17 жас аралығындағы жасөспірімдер. Одан кейін 17–21 жастағы жастар, 21 жастан асқандары ересектер санатына жатады»

Жаттықтырушының айтуынша, клубқа көбіне аттың құлағындай ойнайтын, жастайынан көкпар тартып өскен ауылдың балалары келеді екен. Орталықта ол балаларды баулып, шеберлігін одан әрі жетілдіре түсуге барын салады.

Жас шабандоздар үшін ат спорты — мәдени бірегейліктің бір бөлігі. Алматы спортшылары республикалық және халықаралық ареналарда жетістікке жетіп, қалада тұрып та көкпар тартуға болатынын іспен дәлелдеп жүр.

Аударыспақ спортшысы Диас Доғдырбай:

«Қазір көптеген чемпионаттар өтіп жатыр, бәріне қатысқымыз келеді. Себебі жарысқа қатысқан сайын клуб та өседі, өзің де жаттығасың. Қанша жаттықсаң да, егер жарысқа шықпасаң — ешқашан дамымайсың. Сондықтан біз күніне екі рет жаттығамыз»,- дейді.

Алматыда қазір ат спортына қызығатындардың саны артып, клубтар ашылып, жастар да оған көптеп келе бастаған. Қала бұдан ұлттық ат спортын дамытып жатқан үлкен орталықтың біріне айналуы бек мүмкін болашақта.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);