Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда әскери міндеттілер үшін жиындар өтуде

Алматыда әскери міндеттілер үшін жиындар өтуде

Әлеумет 25.09.2024, 11:19 978
Алматыда әскери міндеттілер үшін жиындар өтуде
Фото Виирэс

Алматы, Алматы және Жетісу облыстарынан әскери міндеттілер қатысатын кезекті әскери жиындар Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының оқу орталығында өтіп жатыр. Жиынға барлығы 120-ға жуық адам шақырылып, олар бір ай ішінде 15 әскери мамандықты меңгеретін болады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жиынның негізгі мақсаты – әскери дайындықты арттыру және қорғаныс күштеріне қажетті әскери маманданған кадрларды даярлау. Сондай-ақ, әскери-оқытылған мамандардың резервін қалыптастыру көзделген. Бұл туралы оқу орнының бастығы, генерал-майор Қайрат Даутов атап өтті:

– Жиынның мақсаты – елдің қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін кадрлық ресурстарды дайындау және толықтыру, – деді ол.

Бір ай ішінде қатысушылар өздерінің әскери мамандықтары бойынша теориялық және практикалық дайындықтан өтеді. Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарды әскери оқу орнының профессор-оқытушылары жүргізеді. Әсіресе, практикалық сабақтарға ерекше көңіл бөлініп, қатысушылардың кәсіби шеберлігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жиынға қатысушылардың бірі – Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Мурдин Тәліповтің немересі Яшар Полотов. Ол ата жолын қуып, ел қорғауға әрдайым дайын екенін жеткізді:

– Мен әскери институттың әскери кафедрасында мотожаяу әскер взводының командирі мамандығы бойынша оқыған едім, сол уақыттан бері 21 жыл өтті. Қазір С-300 радиолокациялық барлау кешенінің басшысы ретінде дайындықтан өтіп жатырмын. Жиынға шақырылғаныма қуаныштымын, өйткені бұл менің қабілеттерімді шыңдап қана қоймай, жаңа дағдыларды үйренуге мүмкіндік береді, – деді Полотов.

Әскери міндеттілердің барлығы әскери оқу орны полигонында орналасқан шатырлы қалашықта тұрып жатыр, оларға тамақтану және қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету ұйымдастырылған. Жиын соңында әрбір қатысушы сынақ тапсырып, оның нәтижесі бойынша әскери жиыннан өткенін растайтын сертификат және жеке мінездеме алады. Осы құжаттар негізінде жергілікті әскери басқару органдары оларға кезекті әскери шен беру туралы шешім қабылдайды.

Айта кетейік, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты 2018 жылдан бастап әскери міндеттілер үшін жиындар өткізіп келеді. Осы уақыт ішінде Қазақстан Республикасының Әуе қорғаныс күштеріне 600-ге жуық маман даярланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әскер #қорғаныс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика