AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Artsport платформасы арқылы 56 мың бала ш...

Алматыда Artsport платформасы арқылы 56 мың бала шығармашылық бағыттағы үйірмеге жазылған

Әлеумет 21.06.2022, 16:00 1,597 Almaty-akshamy
Алматыда Artsport платформасы арқылы 56 мың бала шығармашылық бағыттағы үйірмеге жазылған
сурет: Alashainasy.kz

Мемлекет тарапынан 5 жарым миллиард теңге бөлініпті



Биыл Алматыда  Artsport платформасы арқылы 56 мың бала шығармашылық бағыттағы үйірмеге жазылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Оған мемлекет тарапынан 5 жарым миллиард теңге бөлініпті.
Ұлан Әділбаев жарты жыл бұрын мемлекеттік бағдарламаның көмегімен өзінің орталығын ашып, қазір игілігін көріп отыр. Ол балаларға актерлік шеберлік, видео-монтаж және фотошоп жасауды тегін үйретеді. Және 3 адамды жұмыспен қамтып отыр.  



«Осы мектепте оқып жүргеніме 3 ай болды. Осы уақыт аралығында актерлік шеберлік, видео, фото, СММ көп нәрсе үйрендім. Artsport бағдарламасы маған ұнайды», – деді қатысушы Әбілқайыр Ұджықұлов.


«Аптасына 4 рет келемін. 2 күнді актерлік шеберлік сағатына арнасам, қалған күндері фото, видео жасап үйренемін. Жақсы жоба», – деді қатысушы Батырлан Манап.



Бұл орталыққа Artsport платформасы арқылы 100-ден астам бала тіркелген. Яғни 6-дан 17 жасқа дейінгі аралықта бала қалаған үйірмеге тегін қатыса алады. Ең бастысы нәтиже бар дейді ұстаздары. Актерлік шеберлікті үйреніп жүрген балдырғандар жақында ғана республикалық конкурста бас жүлде алыпты. Сондықтан ата-аналар қауымы бұл жобаның ақылы секцияларға қарағанда ұтымды тұстары көбірек дейді.    



«Балам осы үйірмеге келеді. Әсел 11 жаста. Былтырдан бастап осындай үйірмелерді естіп, соған келіп жатырмыз. Өзі телефонмен видео, фото жасағанды жақсы көреді», – деді ата-ана Тілеужан Құсайынова.



Ұлан Әділбаевтың айтуынша, қазір үйірмеге онлайн тіркелу уақытша жабық. Соған қарамастан балаларды қабылдап, барынша үйретіп жатырмыз дейді.  



 «Қазір соңғы 1-2 айдың көлемінде біздің сайтымыз жабық. Басқа балаларды қабылдай алмай жатырмыз. Тіркей алмаймыз бағдарламаға. Бірақ біз келген балаларды сайт ашылып қалады-ау деген үмітпен өзіміз тіркеп, оқытып жатырмыз», – деді  ұйымдастырушы Ұлан Әділбаев.



Айта кетейік, өткен жылы шығармашылық бағыттағы үйірмелерге 628 миллион теңге бөлініп, 30 мыңға жуық бала тегін секцияларға жазылған еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балалар #үйірме #шығармашылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);