конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда «Армения палитрасы» ашылды

Алматыда «Армения палитрасы» ашылды

Мәдени Алматы Бүгін 10:50 50
Алматыда «Армения палитрасы» ашылды

Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінің төрінде «Армения палитрасы» атты көрме ашылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Экспозицияға отызға жуық туынды қойылған.

Ұлттық өнер музейі ұзақ жылдардан бері өз қорында армян өнерінің көркемдік деңгейі жоғары ауқымды коллекцияны сақтап келеді. Бүгін сол картиналардың бірқатарын көпшілік назарына ұсынатын сәт туыпты.

Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі мен Армения Республикасының Алматы қаласындағы Құрметті консулдығының қолдауымен ашылған көрменің салтанатты рәсімінде алғашқы сөзді Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінің директоры Гүләйім Жұмабекова алды. Ол жылы лебізін білдіріп, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтауын оқып берді. «Қазақстан мен Арменияны екі халықтың мәдениеті мен дәстүрін өзара құрметтеуге негізделген көпжылдық қарым-қатынастар байланыстырады. Мұндай жобалар бірлескен жұмыстарға негіз қалайды. Баршаңызға экспозициядан жарқын әсер алуларыңызды тілеймін», – делінген құттықтау хатта.

Сөз алған Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Армен Гевондян да өз ілтипатын жеткізді.

– Көрмені ашу мен үшін үлкен мәртебе. Бұл жай ғана картиналардың көрмесі емес, елдер арасындағы достықтың дәлелі. Өзге халықтың өнер туындыларын көрсету – оның мәдениеті мен дәстүріне деген құрметтің белгісі, – деді елші Армен Гевондян.

Экспозиция арасында әлемдік теңіз пейзажы өнерінің аса көрнекті өкілдерінің бірі шебері Иван Айвазовскийдің «Кешкі дұға» және «Чумактар керуені» атты екі туындысы бар. Екеуі де бұған дейін де көрмеге қойылғанымен, көпшілікке өте сирек көрсетіледі.

«Армения палитрасында» Мартирос Сарьян, Минас Аветисян, Дмитрий Налбандян, Мариам Асламазян, Александр және Лавиния Бажбеук-Меликян, Эдуард Исабекян, Оганес Зардарян, Григор Ханджян, Роберт Элибекян секілді суретшілердің де жарқын бояулы шығармаларын көруге болады.

– Бұл біздің музейдегі армян суретшілерінің алғашқы көрмесі емес. Бұған дейін 2017 жылы осындай экспозиция ұйымдастырған едік. Ол көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырды. Біздің қорда көркемдік құндылығы жоғары армян өнері туындыларының маңызды топтамасы сақталған. Жинақтың негізгі бөлігі сонау 1960–1970 жылдары көрме жұмыстары, музейаралық мәдени алмасу тәжірибесі және көркемөнер ұйымдарынан келіп түскен туындылар есебінен қалыптасты, – дейді көрме кураторы Бибігүл Құсайынова.

Көрмеден орын алған «Қара шашты ару», «Бюракандық қария мен Артаваздик ғибадатханасы», «Қызғылт көйлекті қыз», «Колхозшы әйелдер» картиналары да өз дәуірінің бейнесін көрсетеді. Экспозициядан пейзаж, портрет, натюрморт және тақырыптық композициялармен қатар, мүсіндер мен сәндік-қолданбалы өнер туындыларын да көруге болады. Әр шығарма келушілерге армян мәдениеті мен өнерінің сан қырын таныстырады.

Ұсынылған коллекция армян шеберлерінің жоғары кәсіби деңгейін ғана емес, өзара құрметке, шығармашылық ықпалдастыққа және ортақ мәдени мұраны сақтауға негізделген Қазақстан мен Армения арасындағы көпжылдық мәдени байланыстарды да паш етеді.

Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қай қалада жарық қымбат?

Бүгін 11:10

Арқалық әуежайына халықаралық AYK коды берілді

Бүгін 10:22

Кардиологиядағы тағы бір жаңа инновация

Бүгін 10:11

Теледебат сауалнамасының нәтижесі белгілі болды

Бүгін 09:37

Алматыда бір тәулікте көлік құралын мас күйінде басқарудың 13 дерегі тіркелді

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);