AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда антисанитариямен күресте видеомониторинг...

Алматыда антисанитариямен күресте видеомониторинг қолданылады

Әлеумет 24.10.2024, 13:07 1,256 Bakyt
Алматыда антисанитариямен күресте видеомониторинг қолданылады
Алматы қаласы әкімдігі

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және Алматы қаласын цифрландыру басқармалары арасында келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz

Келісім аясында коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы Target AYA бағдарламасы бойынша видеомониторинг жүйесіне қолжеткізді. Бұл жаңалық қаладағы санитарлық нормалардың бұзылуын тұрақты негізде анықтауға және оларды жою үшін уақтылы шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

2024 жылғы 18-24 қазан аралығында «Жарқын күз» қалалық науқаны кезінде видеомониторинг нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабында белгіленген абаттандыру ережелерін сақтамағаны үшін 17 кәсіпкерлік объектіде бұзушылықтар анықталды. Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және Табиғатты қорғау полициясы басқармасының қызметкерлері нысандарға жедел барып, бұзушыларға ауызша ескерту жасады.

Бұл іргелес аумақтардың жай-күйі үшін кәсіпкерлердің жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған абаттандырудың жаңа ережелерін енгізудің арқасында мүмкін болды.

Абаттандыру қағидаларының негізгі бағыттарының бірі кәсіпкерлік объектілерін паспорттау болып табылады. Бұл процестің мақсаты-әрбір кәсіпкер үшін іргелес аумақтарды абаттандыру жауапкершілігінің шекарасын анықтау. Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының деректері бойынша қалада 5 590 кәсіпкерлік нысаны паспортталуға жатады. Қазіргі уақытта мыңнан астам кәсіпкер паспорттарға қол қойды.

Паспорттау бойынша барлық жұмыстарды аяқтау 2025 жылдың сәуіріне жоспарланған. Бағдарлама аясында кәсіпкерлер іргелес аумақтарды ретке келтірумен қатар, ғимараттардың қасбеттерін күту, тазалықты сақтау және коммуналдық қалдықтарды уақтылы шығару жөніндегі талаптарды сақтауға міндетті.

Видеомониторинг жүйесі және жаңа абаттандыру ережелері өмір сүру үшін қолайлы жағдай жасауға көмектеседі. Ережені бұзған кәсіпкерлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тазалық #мониторинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);