Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасын...

Алматыда «Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Әлеумет 22.07.2024, 16:04 1,802
Алматыда «Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталады
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы 2024 жылы 29 шілде мен 7 тамыз аралығында «Алматы жастары» бағдарламасы аясында тұрғын үй сатып алуға қажетті жеңілдетілген несие алу үшін 35 жасқа дейінгі жастардан өтінім мен құжат қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Бағдарламаға қатысу үшін өтінімді www.almaty-zhastary2024.kz сайты арқылы беруге болады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.
Бұл үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет. 

Бағдарлама аясында несие беру шарттары:
•    Қарыздың ең жоғары сомасы – 18 млн теңгеге дейін;
•    Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
•    Бастапқы жарна – 10%;
•    Бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігі;
•    Қамту – ең кемі 1200 адам.

Қатысуға қойылатын негізгі талаптар:
1.    Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2.    Өтінім беру кезінде өтініш берушінің және жұбайының (бар болса) Алматы қаласында тұрақты тіркеуі болуы;
3.    Өтінім беру кезінде қатысушы 35 жасқа толмауы керек, ал жұбайының (бар болса) жасы есепке алынбайды. Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптының біреуі ғана қатыса алады;
4.    Қатысушының және оның отбасы мүшесінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактісінің болмауы.
5.    Қатысушының Алматы қаласында ең кемі соңғы 6 ай бойы міндетті зейнетақы аударымы бар жұмыс өтілі болуы қажет. Атап айтқанда, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары, қалалық коммуналдық қызметтер және «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасы бойынша жалдаушылары (2019 жылы желтоқсан).

Толығырақ ақпарат www.almaty-zhastary2024.kz сайтында жазылған. Анықтама телефоны: +7 (727) 225 14 57 (Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алматы жастары #ипотекалық бағдарлама #тұрғын үй #өтінім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Референдумда басқа біреудің атынан дауыс бергендер айыппұл арқалайды

Бүгін 15:34

Тіркелген мекенжайдан тыс дауыс беру тәртібі қандай?

Бүгін 15:30

Заң мен тәртіп: қауіпсіз қоғам - Алматыда дәрігерлермен құқықтық кездесу өтті

Бүгін 15:27

Щучинскіде жарылыстан қаза тапқандар саны артты

Бүгін 15:25

Алматы вакциналауды күшейтіп, кез келген жағдайға дайын отыр - Денсаулық басқармасы

Бүгін 15:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі