конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда «Алматы – ән қанатында» республикалық ком...

Алматыда «Алматы – ән қанатында» республикалық композиторлар байқауы басталды

Мәдени Алматы Бүгін 14:01 52
Алматыда «Алматы – ән қанатында» республикалық композиторлар байқауы басталды
Алматы әкімдігі

Байқау үш кезеңнен тұрады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда қалалық Мәдениет басқармасының қолдауымен «Алматы – ән қанатында» республикалық композиторлар байқауы басталды. Байқаудың мақсаты – Алматының тарихын, мәдениетін, рухани мұрасы мен қарқынды дамуын бейнелейтін жаңа музыкалық туындылар жазу, сондай-ақ талантты композиторларды анықтап, олардың шығармашылығына қолдау көрсету.

Байқау аясында қатысушыларға Алматының көркем бейнесін музыка өнері арқылы жеткізуге мүмкіндік беріледі. Композиторлар «Шабыт берген Алматы!» республикалық байқауына ұсынылған поэзиялық шығармалар негізінде жаңа ән жазып, сондай-ақ Алматыға арналған авторлық төл туындыларын ұсына алады.

Байқауға тұрғылықты жері мен қызмет саласына қарамастан, 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Байқауға ұсынылатын шығармалар бірегей, бұрын жарияланбаған және өзге музыкалық байқауларда жүлделі орын алмаған болуға тиіс. Сонымен қатар туындыларды әзірлеу кезінде жасанды интеллект технологияларын, оның ішінде әуенді автоматты түрде құрастыратын жүйе мен нейрожелілік қосымшаларды пайдалануға жол берілмейді.

Байқау үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде, 2026 жылғы 15 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында өтінім қабылданады. Екінші кезеңде ұсынылған жұмыстарды сараптамалық комиссия мен кәсіби қазылар алқасы бағалайды. Үшінші кезең – жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі. Ол қыркүйек айында Алматы қаласының күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында өтеді.

Байқау жұмыстарын бағалауға белгілі композиторлар, музыканттар, дирижерлер, мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Қазылар алқасы шығармаларды мынадай талап бойынша бағалайды: байқау тақырыбына сәйкестігі, музыкалық деңгейі мен автордың кәсіби шеберлігі, шығармашылық шешімнің бірегейлігі, музыкалық идеяның жаңашылдығы және тыңдарманға эмоциялық әсері.

Байқаудың жалпы жүлде қоры – 7,5 млн теңге:

I орын – 3 000 000 теңге;

II орын – 2 000 000 теңге;

III орын – 1 000 000 теңге;

5 ынталандыру сыйлығы – әрқайсысы 300 000 теңгеден.

Өтінімдер мен байқау материалдары мына электрондық пошта арқылы қабылданады:

kense@almaty-ayenderi.kz

Байқау туралы толық ережемен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-madeniet/documents/details/1054647?lang=ru

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Шәмші Қалдаяқов атындағы мемлекеттік медаль тағайындалды

Бүгін 11:05

Алматыда өткен тәулікте 1 542 рет жол қозғалысының ережесі бұзылды

Бүгін 10:03

Ғарыштық ауқым: Канье Уэсттің Алматыдағы шоуы қалай өтіп жатыр

Кеше 23:11

«Тәртіпке, тазалыққа шақырамыз»: концертте еріктілер қалай жұмыс істеп жатыр

Кеше 22:50

Мыңдаған шақырымды еңсерді: Канье Уэсттің жанкүйері Алматыға арнайы келді

Кеше 22:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);