AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы көшелері / Алматыда "Алма-Арасан" бұлағына баратын жол уақытш...

Алматыда "Алма-Арасан" бұлағына баратын жол уақытша жабылады

Алматы көшелері 02.06.2025, 12:53 631 Сұлу
Алматыда "Алма-Арасан" бұлағына баратын жол уақытша жабылады
Алматы әкімдігі

3 маусым мен 3 шілде аралығында "Алма-Арасан" – термал бұлақ туристік бағытын жаңарту жобасының екінші кезеңі аясында "Алма-Арасан" маңындағы автотұрақтан термал бұлаққа дейінгі жол уақытша жабылады. Шектеу бұлақ жағынан "Қыздың көз жасы" сарқырамасы мен "Терра" алқабына баратын жолға да қатысты болады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Бұл шаралар келушілер үшін құрылыс-монтаж жұмыстарының қауіпсіз әрі ыңғайлы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында қабылданып отыр. Екінші кезең аясында ескі көпір құрылымдарын бұзып, жаңасына ауыстыру, жаңа соқпақтар, баспалдақ элементтері мен көріктендіру нысандары орнатылады.

Еске салайық, 2025 жылғы 12 мамырдан бастап алдын ала дайындық жұмыстары жүргізілген болатын. Тау бөктері қауіпті тастан тазартылып, қорғаныш тор орнатуға арналған анкерлік құрылымдар қойылды, соқпақтар көріктендіруге дайындалды.

Жұмыс жүргізіліп жатқан кезде, жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері де жол толықтай жабық болады. Жөндеу жұмыстарын 2025 жылы 31 шілдеге (ауа райына байланысты мерзім өзгеруі мүмкін) дейін аяқтау жоспарланған.

Жобаның мақсаты – қазіргі заман талабына сай қауіпсіз, ыңғайлы және экологиялық тұрақты туристік бағыт қалыптастыру.

Алматы қаласының тұрғыны мен қонағынан "Алма-Арасан" аумағында серуендеу мен экскурсияны жоспарлау кезінде енгізілген уақытша шектеулерді ескеруді сұраймыз. Жөндеу жұмыстарының барысы туралы соңғы ақпарат ресми ақпараттық ресурстарда тұрақты түрде жарияланып отырады. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алма-арасан #жол #Уақытша жабылу #Ескерту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Бүгін 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Бүгін 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Бүгін 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Бүгін 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);