Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда алимент төлемеушілер мәселесі қалай шешіл...

Алматыда алимент төлемеушілер мәселесі қалай шешіледі?

Әлеумет 29.01.2024, 09:34 1,051
Алматыда алимент төлемеушілер мәселесі қалай шешіледі?
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ата-анасы ажырасқаннан кейін балаларды бағып-қағып, өсіру мәселесі өзекті.


Көп жағдайда проблемалық алимент істері бойынша борышкерлер сот орындаушыларынан жасырынады немесе жалақыларын азайтып көрсетеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Балайым Кесебаева айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
 
Оның айтуынша, балаларыңызға жауапкершілікпен қарау керек. Отбасы ажырасқан болса да, бұл ата-ананы баланы күтіп-бағу және тәрбиелеу жауапкершілігінен босатпайды. 



«Алимент өндіріп алу - өте өзекті мәселе. Біріншіден, бұл заңды мәселе. Мен бұны әлеуметтік мәселе дер едім.  Өйткені әрбір ата-ана некеде тұрса да, тұрмаса да, кәмелетке толмаған балаларын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауы керек. Бірақ іс жүзінде, өкінішке қарай, негізінен керісінше. Сот орындаушылары алимент өндіріп алу үшін бірқатар қамтамасыз ету шараларын қабылдауда. Біріншіден, борышкерлердің ақшалай шоттарына тыйым салу, оны әрі қарай жүзеге асыру және алимент өндіріп алуды қамтамасыз ету үшін жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салу. Алимент бойынша өте үлкен қарыз бар көптеген фактілер бар. Және, әрине, кәмелетке толмаған балаларын асырау үшін алимент төлемейтін борышкерлерді (әкімшілік, қылмыстық), ата - аналарды жауапкершілікке тарту», - деді ол.



Сондай-ақ, ол кез-келген мәселені адами тұрғыдан шешуге болатындығын атап өтті.
 



«Қылмыстық жаза кезінде бізде судьялар мен заңгерлер арасында кәмелетке толмаған балалардың мүдделері бірінші орында тұруы керек деген дау туындайды. Ал ересек адам қандай жағдайда болса да, жұмысқа орналасуға немесе басқа жолмен табыс табуға және балаларын қамтамасыз етуге міндетті», - деп толықтырды спикер.



Еңбекке қабілетті кәмелетке толған балалар өздерінің еңбекке жарамсыз мұқтаж ата-аналарын асырауға және оларға қамқорлық жасауға міндетті. Егер балалар келісім бойынша өз еркімен еңбекке жарамсыз ата-аналарды күтіп-бақпаса, онда ата-аналар алимент талап ету үшін сотқа жүгіне алады.
 
Алматы қаласы заң кеңесшілері палатасының төрағасы Гүлнар Бердібекова қарт ата-аналар ересек балалардан алимент және қаржылық көмек төлеуге өтініш берген кездегі кейстер туралы айтып берді.



«Алимент алу балалар тек ата-аналарына ғана емес, ата-аналары балаларына (бір балаға да, оларда бар барлық балаларға да) да арыздана алады. Бірақ алимент тек осы балаларды тәрбиелеуге қатысқан және ата-ана құқығынан айырылмаған ата-аналарға ғана берілуі мүмкін. Ата-ана құқығынан айырылған ата-аналар қартайған кезде балаларына арыздану мүмкіндігінен айырылады. Бізде бір жағдай болды жақында ата-анасы ғана емес, атасы мен әжесі немересіне де арызданған кез болды, олардың қызы ұзақ уақыт бойы хабар-ошарсыз кеткен болатын. Сондықтан қарт атасы мен әжесі немересіне арыз берді. Бұл да заңмен бекітілген. Егер олар келісімге келмесе, онда сот органдары арқылы олар сотқа жүгіне алады және шешім шығарылған кезде мұндай алимент есептеледі. Қартайған ата - аналарына да, ата ата-әжелерін күтіп-бағуға алимент төлеу», - деп атап өтті спикер. 



Қазақстанда туған-туысты асырау заңдық міндеті ең алдымен отбасы мүшелеріне жүктелген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #алимет төлеу #ата-аналар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика