AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда алғаш рет «Nomadic Art: Дала мәдениетінің...

Алматыда алғаш рет «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық келбеті» халықаралық фестивалі өтеді

Алматы 11.03.2026, 13:08 216
Алматыда алғаш рет «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық келбеті» халықаралық фестивалі өтеді
Алматы әкімдігі

Алматыда алғаш рет «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық келбеті» халықаралық фестивалі өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Наурызнама» онкүндігі аясында және 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күніне орай Алматыда «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық келбеті» атты халықаралық фестиваль өтеді. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі Алматы қаласының Туризм басқармасымен және Этнодизайнерлер одағымен бірлесіп ұйымдастырып отыр. Фестиваль алғаш рет өткізіліп, ұлттық мәдени мұраны дәріптеуге, этнодизайнды дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Фестиваль бағдарламасына мәдени жәдігерлерді сақтау және насихаттау мәселелеріне арналған «Ұлттық мұра – ұрпақ аманаты: музей қорлары мен этнодизайн тоғысы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция кіреді. Сонымен қатар отандық және шетелдік дизайнерлердің этно-топтамалардың көрсетілімі, қолөнер бұйымдарының халықаралық көрмесі, сондай-ақ киіз басу, керамика, зергерлік өнер секілді дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнер түрлері бойынша шебердің сабақтары ұйымдастырылады. Бұдан бөлек fumage (түтінмен сурет салу) сияқты сирек техника да таныстырылады.

Фестиваль Орталық Азия қолөнершілері үшін іскерлік алаңға айналады. Оның аясында Дүниежүзілік қолөнер кеңесінің (WCC) сарапшыларымен B2B-кездесулер мен стратегиялық талқылаулар өткізіліп, ұлттық қолөнерді халықаралық нарыққа ілгерілету мәселелері қарастырылады.

Жоба ұлттық мәдени мұраны кеңінен танытуға, отандық шеберлерді қолдауға және Алматының Орталық Азиядағы мәдени орталық әрі креативті хаб ретіндегі мәртебесін нығайтуға ықпал етеді.

Өтетін күні мен уақыты: 2026 жылы 16 наурыз, басталуы – 11:00

Өтетін орны: Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, Алматы қаласы

Кіру: тегін

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Наурызнама #фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Келешек мектептерінің оқушылары «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Бүгін 18:29

Алматы студенттері Қытайда цифрлық қауіпсіздік бойынша білімдерін шыңдады

Бүгін 18:13

Тоқаев Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап қайтты

Бүгін 17:22

Алматыда «жасыл» энергетиканы дамыту аясында заманауи қоқыс өңдеу зауыты салынбақ

Бүгін 16:42

Алматыда 55 мыңнан астам адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика