Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда алғаш рет – Флавио мен Бруно Тонидің итал...

Алматыда алғаш рет – Флавио мен Бруно Тонидің италиялық Belissimo циркі

Мәдениет 12.02.2026, 10:35 149
Алматыда алғаш рет – Флавио мен Бруно Тонидің италиялық Belissimo циркі
сурет: автордан

Әлемге әйгілі Флавио мен Бруно Тони жетекшілік ететін итальяндық Belissimo циркі Қазақ мемлекеттік циркінде гастрольдік бағдарламасын бастайды.

Belissimo – Италия рухын сезіндіретін ерекше цирк шоуы. Мұнда жоғары деңгейдегі өнер, талғампаз стиль және итальяндық темперамент тоғысады. Еуропалық дәстүрде қойылған бағдарлама әлемнің түрлі елінде үлкен табысқа жетіп, көрермендерді тәнті етті.

Алматы циркінің аренасында көрермендерге әсерлі әрі ауқымды бағдарлама ұсынылады: бенгал және ақ жолбарыстар, сондай-ақ Орталық Азияда тұңғыш рет көрсетілетін сирек алтын жолбарыстар; үш мәрте сальто-мортале орындайтын жоғары деңгейдегі акробаттар; жылқылардың өнері; шебер эквилибристер мен епті жонглерлердің қойылымдары; арқан үстінде өнер көрсететін канатоходшылар; итальяндық нәзік әзілге құрылған сайқымазақ бағдарламасы; қарқынды музыкалық сүйемелдеу мен заманауи сахналық безендіру.

Флавио мен Бруно Тони – әйгілі цирк әулетінің өкілдері. Олардың өнері жоғары кәсібилігімен, айрықша артистизммен және көрерменмен шынайы байланыс орната білуімен ерекшеленеді. Бұл цирк Монте-Карлода өткен халықаралық цирк фестивалінде бес мәрте жүлде (алтын және күміс марапаттар) алған. Балаларға да, ересектерге де ерекше әсер сыйлайтын бағдарлама бүкіл отбасыға арналған.
 
Итальяндық Belissimo циркінің Алматыдағы гастрольдері – еуропалық цирк мәдениетін тамашалап, мерекелік көңіл күйге бөленіп, әлемдік деңгейдегі бірегей шоуды көруге берілген сирек мүмкіндік.

Қазақ мемлекеттік циркі барша өнерсүйер қауымды жарқын эмоция мен нағыз ғажайыпқа толы кешке шақырады!

Бағдарлама 14 ақпанда басталып, 24 наурызға дейін жалғасады.
Билеттер Ticketon сайтында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#театр #Қойылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

14 наурызда Көктөбеде Көрісу күніне арналған мерекелік концерт өтеді

Бүгін 10:08

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанды

Бүгін 09:52

СІМ Польшада қаза тапқан қазақстандыққа қатысты мәлімдеме жасады

Бүгін 09:34

Алматы қаласының белсенді жастары жаңа Конституция жобасын қолдады

Бүгін 09:20

Алматылық онколог сүт безі қатерлі ісігінің алғашқы белгілері туралы айтты

Бүгін 09:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика