конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда алғаш рет электрсамокаттарды орналастыруд...

Алматыда алғаш рет электрсамокаттарды орналастырудың бірыңғай ережесі енгізіледі

Алматы Бүгін 11:52 39
Алматыда алғаш рет электрсамокаттарды орналастырудың бірыңғай ережесі енгізіледі

Алматыда жол қозғалысын ұйымдастырудың жаңартылған ережесі әзірленді. Құжатта алғаш рет жеке мобильділік құралдарын пайдалануды кешенді түрде реттеу көзделген. Жобаны мәслихат отырысында Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Ержан Диханбаев таныстырды.

Жобаға сәйкес электрсамокаттары, мопедтер және өзге де жеке мобильділік құралдарына арналған тұрақ орындарын орналастырудың бірыңғай талаптары белгіленеді. Жалға беру қызметін көрсететін операторлар үшін тұрақ орындары шарт негізінде ұйымдастырылып, бұл қала аумағында көлік құралдарын ретімен орналастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тұрғындар осы тұрақ аймақтарын өздерінің жеке самокаттары мен басқа да жеке мобильділік құралдарын орналастыру үшін тегін пайдалана алады.

Бұған қоса, құжатта көлік құралдарын эвакуациялау және арнайы тұрақтарда сақтау тәртібі, сондай-ақ, аулаларда шлагбаумдар мен қорғаныш қоршауларын орнатудың бірыңғай талаптары айқындалған. Бұл ретте жедел жәрдем, өрт сөндіру және басқа да жедел қызмет көліктерінің кедергісіз жүруі міндетті талап ретінде сақталады.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, аталған жобаны қабылдау жол қозғалысын ұйымдастырудың заманауи жүйесін қалыптастыруға, қалалық инфрақұрылымды тиімді пайдалануға және көліктің жаңа түрлерін реттеудің бірыңғай тәсілін енгізуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #электрсамокат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Есентай жағалауындағы гүлден жасалған тауыс көпшіліктің көзайымына айналды

Бүгін 12:26

Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді

Бүгін 12:04

Қазақстанда азық-түлік тұтыну артты: Алматы көкөніс тұтынудан көш бастады

Бүгін 12:00

Алматы мәслихатының депутаттары жол қозғалысын ұйымдастырудың жаңа қағидаларын қабылдады

Бүгін 11:56

Алматылықтар тұрғылықты жеріне жақын маңда автокөлігін тегін қоя алады

Бүгін 11:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);