AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда алғаш рет Альцгеймер ауруын емдеуге арнал...

Алматыда алғаш рет Альцгеймер ауруын емдеуге арналған инновациялық технология таныстырылады

Медицина 17.07.2026, 12:23 544
Алматыда алғаш рет Альцгеймер ауруын емдеуге арналған инновациялық технология таныстырылады
ашық дереккөз

21 шілдеде Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында Қазақстанға алғаш рет жеткізілген NEUROLITH (Storz Medical, Швейцария) аппараты таныстырылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шара барысында өндіруші компанияның халықаралық сарапшысы Себастьян Мюллер (Sebastian Mueller) дәріс оқып, құрылғының жұмыс істеу қағидатымен және Transcranial Pulse Stimulation (TPS) технологиясының ерекшеліктері туралы баяндайды. Сонымен қатар бұл әдістің шетелдік клиникалардағы қолданылу тәжірибесі мен оны Қазақстанның клиникалық практикасына енгізу мүмкіндіктері таныстырылады.

TPS – ми тіндеріне қысқа акустикалық импульстар арқылы әсер ететін инвазивті емес емдеу әдісі. Қазіргі таңда бұл технология Альцгеймер ауруына шалдыққан науқастарды емдеу және оңалту мақсатында бірқатар шетелдік медициналық орталықтарда қолданылып келеді.

Халықаралық сарапшының сапары аясында қазақстандық дәрігерлерге жаңа технологияны пайдалану бойынша тәжірибелік оқыту ұйымдастырылады. Мамандардың айтуынша, бұл бастама еліміздегі неврологиялық көмекті дамытуға және заманауи емдеу әдістерін енгізуге мүмкіндік береді.

Таныстырылым 21 шілде күні сағат 14:00-де Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында өтеді. Мекенжайы: Қазыбек би көшесі, 96, 4-қабаттағы үлкен конференц-зал.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар депутаттарын таңдады: қала тұрғындарының сайлауға қатысу белсенділігі жоғары болды

Бүгін 21:22

Алматы халқы мәслихат депутаттарының сайлауында қалай дауыс берді

Бүгін 21:07

Алматының Әуезов ауданында электр энергиясы уақытша өшірілді

Бүгін 20:46

Соңғы бюллетень: Алматыдағы сайлау учаскелерінің бірінде соңғы болып кім дауыс берді?

Бүгін 20:15

Алматыдағы сайлау қалай өтті: фотошежіре

Бүгін 19:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);