Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Әлеуметтік қызметтер үйі ашылды

Алматыда Әлеуметтік қызметтер үйі ашылды

Әлеумет 04.06.2021, 11:27 2,179
Алматыда Әлеуметтік қызметтер үйі ашылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Әлеуметтік қызмет көрсету үйіне түрлі қиын жағдайларға тап болған азаматтар келетіндігі ескеріліп, орталықта адвокат пен психолог бөлмелері қарастырылған.


 


Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың үкіметтік емес ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен бірге Әлеуметтік қызметтер үйінің ашылуына қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.



 


Ғимаратты реконструкциялау өткен жылы басталды. Қысқа мерзім ішінде мұнда «бір терезе» қағидаты бойынша барлық әлеуметтік қызметтерді алушыларға қолайлы жағдайлар жасалады. Көрсетілетін қызметтердің жалпы саны 776-ға жуық.



Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдар мен қаржы институттарының интеграциясы әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасын жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді.


 



«Қалалықтарды әлеуметтік дамыту және қолдау – «Алматы-2050» даму Стратегиясында көрсетілген Алматы әкімдігінің басты және стратегиялық міндеті. Біздің мақсатымыз — Алматыны тең мүмкіндіктер әрі инклюзивті тұлғаға бағытталған орталықтанған қала жасау», - деп атап өтті мегаполис әкімі.



 


Осы мақсатқа жету үшін әлеуметтік бағдарланған бюджет қалыптасуда, оның 46%-ы биылғы жылы әлеуметтік саланы дамытуға жұмсалатын болады.


Биылғы жылы әлеуметтік қолдауға 25 миллиард теңге бөлініп, 124 мың адам (әлеуметтік көмек - 7,1 млрд., арнаулы әлеуметтік қызметтер - 4,6 млрд., мүгедектерді әлеуметтік қорғау - 5,6 млрд, халықты жұмыспен қамту - 6,1 млрд, белсенді ұзақ өмір, бақытты отбасы - 954 млн шыңға өрлеу, тәуелсіз мектеп өмірі – 406 млн теңге) қамтылатын болады.


Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың еш кедергісіз кірулері үшін ғимарат көтергіш құрылғысымен жабдықталған. Бірінші қабаттағы кең операция залында келушілерді Алматы қалалық әлеуметтік әл-ауқат, тұрғын үй саясаты басқармаларының, Алматының жұмыспен қамту орталығының, Азаматтарға арналған үкіметтің «ХҚКО»-ның «Зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығы» АҚФ-ның, Алматы полициясы департаментінің көші-қон қызметі басқармасының, Алматы қаласы бойынша Еңбек комитетінің, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің кеңесшілері қабылдайды.


 Екінші қабатта Алматының жұмыспен қамту орталығының операция залы және бэк-офис орналасады, өтініш берушілер қолайлы жұмыс орындарын, ал жұмыс берушілер өздеріне керек жұмысшыларды таба алады.



Мұнда кәсіп таңдау кезінде кәсіби бағдар беру, кәсіби даярлау, жұмыссыз азаматтарға қайта даярлау, біліктілігін арттыру, «Бастау-Бизнес» бағдарламасы бойынша оқуға жолдама және тегін гранттар беру бойынша кеңес беру қызметтері ұсынылады.


Үшінші және төртінші қабаттарда Алматының әлеуметтік әл-ауқат басқармасы, тұрғын үй саясаты басқармасының пәтерлерді бөлу бөлімі және «Адалдық алаңының» халыққа қызмет көрсету аймағы орналасады.


Бесінші қабатта Алматының тұрғын үй саясаты басқармасының түрлі бөлімдері және әртүрлі шаралар өткізетін көпбейінді акт залы болады.


Әлеуметтік қызмет көрсету үйіне түрлі өмірлік қиын жағдайларға, оның ішінде келіспеушіліктерге тап болған көптеген азаматтар келетіндігі ескеріліп, орталықта адвокат пен психолог бөлмелері қарстырылған. Балалармен келген қонақтарға ыңғайлы болу үшін ойын алаңы жабдықталған.



Бұрындары мүгедектер әлеуметтік қызметтерді көрсететін ұйымдарға бару үшін үлкен қиындықтарға тап болатын. Енді оларға қағазбастылық пен әкімшілік кедергілер жойылған әрі тиісті процедураларды іске асыру және барлық құжаттарға бір жерден қол қою мүмкіндіктері туып отыр.


Әлеуметтік қызмет көрсету үйі дамыған көлік инфрақұрылымы бар Достық даңғылының бойына орналасқан, жанында метроның «Абай» бекеті бар, бағыттар бойынша 7 автобус және 3 троллейбус жүреді. Яғни, қала тұрғындары Әлеуметтік қызмет көрсету үйіне қаланың кез-келген нүктесінен бара алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ПДД #нарушение #дрифт #Алматы #әлеумет #үй #соцальный #дом #әкім #Сағынтаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Бүгін 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49

Алматыда азық-түлік инфляциясы үш айда 3,1% болды

Бүгін 17:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика