AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда әлеуметтік нысандар қай жерде бой көтеред...

Алматыда әлеуметтік нысандар қай жерде бой көтереді?

Әлеумет 02.08.2022, 11:21 1,908
Алматыда әлеуметтік нысандар қай жерде бой көтереді?
Сурет: Egemen.kz

Алматы қаласының тарихи орталығының шекарасын белгілеу мәселелері басқарманың ерекше бақылауында.


Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн брифингінде Алматы қалалық жер қатынастары басқармасының басшысы Ардақ Самамбетов атқарылып жатқан шараларға тоқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ардақ Самамбетов журналистерге қала әкімінің тапсырмалары қалай орындалып жатқандығын айтты.



 «Нүктелі құрылыс салуға жол бермеу мақсатында тарихи орталықтың шекарасы белгіленді, оның шегінде мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға және сатып алуға жататын 7 учаске анықталды. Олардың орнында абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта 4 жер телімі сатып алынды», - деп мәлімдеді А.Самамбетов.



 Мәселен, емхана салу мақсатында Левитан көшесінің оңтүстігінен, Гагарин даңғылының батысынан жер учаскесі тәркіленді. Сонымен қатар, халықты сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету үшін әл-Фараби даңғылының оңтүстігіне қарай және Сырғабеков көшесінің шығысына қарай 500 келушіге арналған емхана салу үшін 1,3 гектар жер телімі бөлінді.


 Сонымен қатар, ШААЖ, әл-Фараби даңғылы, Саин көшесі, Жандосов көшесінің оңтүстігіне қарай ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін бөлуге және тау бөктерінде аз қабатты үйлер салуға тыйым салды.


 ӨКҚ брифингінде мемлекеттік жер қорын ұлғайту мақсатында жалпы ауданы 19,54 гектар 22 жер учаскесі резервке қойылғаны белгілі болды.


 2022 жылдың соңына дейін Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында көлік айырығын салу, сондай-ақ Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейін тесу және Абай даңғылын қала шекарасына дейін тесу (Абай саяжайлары) жобасы бойынша жер телімдерін сатып алуды аяқтау жоспарлануда.


Келесі жылы ЖҚБ Медеу ауданында Рысқұлов даңғылы бойындағы айналмалы эстакада құрылысын салу, Яссауи көшесінен қала шекарасына дейін Төле би көшесін ұзарту, Ф. Оңғарсынова көшесінен қала шекарасына дейін Рысқұлов даңғылын ұзарту, Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін Жұбанов көшесін ұзарту және метрополитен салу («Қалқаман» станциясы) жобалары бойынша жер телімдерін сатып алуды аяқтауды жоспарлап отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлеуметтік нысандар #жер телімі #салу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Король Филипп және Патшайым Матильда Ректорлар форумына қатысты

Бүгін 20:00

Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады

Бүгін 19:30

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысына қатысты

Бүгін 19:00

Биылғы 9 айда экономиканың өсімі 4,2%-ды құрады: Үкіметте әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды

Бүгін 17:45

Алматының кейбір аудандарында көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылуы мүмкін

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);