Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын...

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары қолға алынды

Әлеумет 17.03.2025, 09:06 871
Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары қолға алынды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру мақсатында бірқатар шаралар қабылданды. Қала билігі отандық өндірушілермен келісімшарттар жасап, маусымаралық кезеңде көкөніс бағасын реттеу тетіктерін іске қосты. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Алматыда азық-түлік бағасын ұстап тұру үшін "форвардтық сатып алу" және "айналым қарызы" механизмдері енгізілді. Осы шаралар аясында отандық өндірушілермен төмендегі көлемде өнім жеткізу жөнінде келісім жасалды:

  • 1 000 тонна күріш – "Asyl Dan Trade" ЖШС
  • 1 800 тонна тауық еті – "Алатау-құс" АҚ
  • 170 тонна сүт – "Көкшетау Белогорье сүт зауыты" ЖШС
  • 86,4 млн дана жұмыртқа – "Сары-Бұлақ" АҚ
  • 4 500 тонна қант – "Көксу қант зауыты" ЖШС
  • 800 тонна тұз – "Алтын Орда" ЖШС

Бұл келісімдер белгіленген баға бойынша өнім жеткізуге мүмкіндік береді.

Көкөніс бағасын тұрақтандыру үшін (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат) Павлодар, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының шаруаларымен 9 700 тонна өнімді төмендетілген бағамен жеткізу жөнінде "форвардтық" келісімдер жасалды. Сондай-ақ, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарынан ерте пісетін көкөністерді жеткізу мәселесі қосымша қарастырылып жатыр.

Бұл шаралар маусымаралық кезеңде көкөніс бағасының қымбаттауын болдырмауға көмектеседі.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 11 түрі бойынша Magnum сауда желісімен баға белгілеу жөнінде келісім жасалды. Бұл келісім халыққа қажетті тауарларды қолжетімді бағамен ұсынуға ықпал етеді.

ӘМАТ бағасын бақылау және делдалдардың бағаға әсерін азайту мақсатында Өңірлік комиссия тұрақты мониторинг жүргізуде. Сауда нүктелерімен 15%-дық сауда үстемесін сақтау және делдалдық тізбекті қысқарту жөнінде түсіндіру жұмыстары қолға алынды.

Жыл басынан бері:

  • 5 рет комиссия отырысы өтті,
  • 119 ереже бұзу фактісі анықталды,
  • 113 әкімшілік хаттама толтырылды,
  • 6 айыппұл салынды,
  • 17 тиімсіз делдал нарықтан шығарылды.

Бұл шаралар бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге бағытталған.

Қазіргі уақытта "айналым қарызы" және "форвардтық" келісім аясында қосымша келісімшарттар жасау мәселесі қарастырылуда. Олар:

  • Жұмыртқа – "Көгер LTD" ЖШС
  • Тауық еті – "Otan Green Food" ЖШС
  • Күріш – "Қызылорда Құрылыс" ЖШС
  • Көкөністер – "Омаров" ШҚ

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ӘМАТ бағасын бақылау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Бағаның тұрақтылығын сақтау мақсатында жергілікті билік өндірушілермен, сауда желілерімен келіссөздер жүргізіп, делдалдықты азайту және әлеуметтік азық-түліктің қымбаттауына жол бермеу бағытында кешенді шаралар атқаруда.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#азық-түлік #нарық #баға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика