Алматыда 2023 жылы 2,5 млрд теңгеге 27 мыңға жуық адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтарға тағы қандай қолдау шаралары көрсетілетінін Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов мәлімдеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.
Басқармада атап өткендей, аз қамтылған отбасыларға, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға және халықтың басқа да осал топтарына көрсетілетін әлеуметтік көмектің барлығы 17 түрі бар.
Атаулы әлеуметтік көмекке келетін болсақ, бұл жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға бағытталған әлеуметтік қолдау шарасы.
“Кедейлік шегі тоқсан сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде айқындалады (3 тоқсанда ең төменгі күнкөріс деңгейі – 49 898 теңге, кедейлік шегі – 34 929 теңге). 2023 жылы Алматы қаласында 2,5 млрд теңгеге 27 мың адамға АӘК төлеу жоспарлануда. Сонымен қатар, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары бар АӘК алушылар азық - түлік және тұрмыстық химия өнімдерін сатып алуға ақшалай төлеммен (5 175 теңге) қамтамасыз етіледі, бұл қолдауды 157,6 млн теңгеге 5 926 бала алды (жоспар 437,7 млн теңгеге 7 519 бала)”, - деді Б.Жаубасов.
Азаматтар талап ете алатын әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардың басқа түрлеріне мынадай төлемдер жатады:
- тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін ай сайын төленеді, егер жалдау ақысы болса (әлеуметтік төлем бойынша), отбасының жиынтық табысының 5% - тенасады (23,4 млн теңгеге 1 179 адам тұрғын үй көмегімен қамтамасыз етілді).
- ай сайынғы әлеуметтік көмек ҰОС мүгедектеріне, ҰОС-да қаза тапқан жесірлерге, Ауғанстандағы әскери қимылдар кезінде қаза тапқандардың ата-аналарына, жұбайларына 6,5 АЕК (19 910 теңге ) көмек (9,8 млн теңгеге 69 адамға көмек көрсетілді).
- аз қамтылған отбасыларға газ жабдықтарын, су мен газды есепке алу аспаптарын жүргізуге және орнатуға, мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалатын шығындар (газ жабдығы – 4,1 млн.теңгеге 11 адам, су мен газды есепке алу аспаптары-3,2 млн. теңгеге 210 адам.; мүгедек балаларды үйде оқыту-65,3 млн. теңгеге 949 адам.).
- өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар үшін 20 АЕК (69 мың теңге) мөлшерінде әлеуметтік көмек, егер отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінен (99 796 теңге) аспаса (516,9 млн. теңгеге 7 476 адам алды), өрттен немесе дүлей зілзаладан (14,3 млн.теңгеге 27 адам төленді) зардап шеккендерге 200 АЕК (612 600 теңге) әлеуметтік көмек көрсетілді.
Сонымен бірге, келесідей көмек көрсетілді:
12 АЕК (41 400 теңге) (әлеуметтік. 121 млн. теңгеге 690 адам көмек алды).
-Алматы қаласының ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұрған АИТВ жұқтырған балаларға 81 134 теңге мөлшерінде (бұл көмек 28,4 млн.теңгеге 54 адамға төленді).
- ҰОС ардагерлеріне, оларға теңестірілген адамдарға, тыл еңбеккерлеріне Жеңіс күніне орай төлемдер жүргізіледі (2023 жылы 56 соғыс ардагері 1,5 млн. теңгеден, ардагерлерге теңестірілген 1498 адамға, басқа мемлекеттер аумағындағы 2916 жауынгерлік іс-қимыл ардагерлеріне және Ауғанстанда қаза тапқандардың отбасыларына 100 мың теңгеден; 8030 еңбек майданына қатысушыларға және қайтыс болған соғыс ардагерлерінің 377 әйелге біржолғы көмек көрсетілді 50 мың теңгеден).
- жыл сайын 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар ҚР Тәуелсіздік күніне орай 150 мың теңгеден төлем алады (2023 жылы бұл көмекті 105,3 млн.теңгеге 702 адам алады).
Бұдан бөлек, аз қамтылған азаматтарды, оның ішінде зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау мақсатында қалалық мәслихаттың шешімінен әлеуметтік көмектің бірнеше түрі көрсетіледі. Көмектің бұл түрлері отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ескеріле отырып, үш ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын (149 мың теңге) шамада ұсынылады.
- 7 АЕК немесе 24 150 теңге, жартыжылдықта 1 рет төленеді;
- 20 АЕК немесе 69 000 теңге, жылына бір рет 1 рет;
- су немесе газ есептегіштерін орнату немесе тексеру шығындарын өтеу;
- газ жабдығын жүргізу және орнату шығындарын өтеу;
- санаторий-курорттық емдеуді қамтамасыз ету және т. б.
Алматы қаласы бойынша 2023 жылдың 3 тоқсанына ең төменгі күнкөріс деңгейі 49 898 теңгені құрайды. Қазіргі уақытта әлеуметтік көмек шараларымен 3,7 млрд теңгеге 52 мыңнан астам адам қамтылды, оның ішінде 20 мыңнан астамы – 1,1 млрд теңгеге зейнеткерлер.
Сондай-ақ, коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуіне байланысты азаматтардың 8 санатына зейнеткерлер, ҰОС ардагерлері, 1, 2 топтағы мүгедек адамдар, көп балалы отбасылар кіреді, Алматы қаласында ай сайын 0,5 АЕК (1725 теңге) мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бүгінгі таңда 107 мыңнан астам адам осы көмек түріне өтініш берді.