AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда әлеуметтік бизнесті қолдау кеңейіп келеді

Алматыда әлеуметтік бизнесті қолдау кеңейіп келеді

Әлеумет 27.03.2026, 14:39 305 Дина
Алматыда әлеуметтік бизнесті қолдау кеңейіп келеді
Алматы әкімдігінен

Алматыда 155 кәсіпкер әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген. Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өкілдері хабарлады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Тізілім — әлеуметтік кәсіпорын мәртебесін ресми алған жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туралы электрондық деректер базасы. Мұндай мәртебе қоғамдық маңызы бар міндеттерді шешетін компанияларға беріледі. Атап айтқанда, олар халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жұмыс орындарын ашады, соларға арналған өнім шығарады немесе білім беру, мәдени және өзге де қоғамдық пайдалы қызметтер көрсетеді.

Әлеуметтік кәсіпорын мәртебесі бизнеске мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануға жол ашады. Олардың қатарында 5 млн теңгеге дейінгі гранттар, жеңілдетілген шартпен үй-жай беру, сондай-ақ, даму институттары арқылы жеңілдетілген несиелеу тетіктері бар.

2022 жылдан бері басқармаға тізілімге енгізу бойынша 535 өтінім келіп түскен. Соның 155-і мақұлданған.

Бүгінде әлеуметтік кәсіпорындар білім беру, денсаулық сақтау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, экология және басқа да салаларда жұмыс істеп келеді.

Көрсетілген қолдау нәтижесінде 81 кәсіпкерге жалпы сомасы 369 млн теңге көлемінде грант берілді; 26 кәсіпкерге жеңілдетілген жалдау негізінде үй-жай ұсынылды (айына 1 шаршы метр үшін 0,1 АЕК); 2 кәсіпкер «Даму» қоры арқылы жеңілдетілген несие алды.

Әлеуметтік кәсіпкерлік аясында 307 жаңа жұмыс орны құрылды. Ал 2025 жылы бұл сала бойынша қала бюджетіне 385 млн теңге көлемінде салық түсімі түсті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Вечерний Алматы» газетінің шығармашылық ұжымына Президенттің БАҚ саласындағы Алғысы берілді

Бүгін 18:46

Шанхай тарихи музейінде «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» көрмесі ашылады

Бүгін 18:31

Алматыда заңсыз қоқыс үйінділерімен күресуге арналған цифрлық платформа таныстырылды

Бүгін 18:12

Алматыда Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:03

Алматыдағы «Мектептен мектепке» жобасы тәлімгерліктің жаңа моделін қалыптастыруда

Бүгін 17:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);