AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда алдағы жылдары қоғамдық көлік қалай дамит...

Алматыда алдағы жылдары қоғамдық көлік қалай дамитын болады?

Әлеумет 12.09.2022, 09:20 1,773
Алматыда алдағы жылдары қоғамдық көлік қалай дамитын болады?
zakon.kz

Алматыда 2025 жылға қарай 2 жаңа автопарк пен 5 жаңа жанармай құю станциясы пайдалануға беріліп, троллейбус паркі жаңартылады. Жоспарда 200 троллейбус сатып алу бар. Бұл туралы Алматыны 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі негізгі басымдықтарында айтылған, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


2025 жылға дейін 1200 дизельді автобус газ бен электр тартымына ауысады. Қоғамдық электр көлігі үшін зарядтау инфрақұрылымының желісін құру жоспарлануда (2030 ж.). 2030 жылға қарай электр автобустарына арналған 3 жаңа заманауи депо пайдалануға беріледі.  



Жеке автокөлікті аз пайдалану үшін 2030 жылға дейін қоғамдық көлікпен тасымалдау сапасы жақсарады. Ол үшін БРТ жүрдек бағыттарының  санын арттыру жоспарлануда. Қазір 3097 шақырым жолдың 150 шақырымы немесе 4,8 пайызы бөлінген жолақтар. «Алматы аренадан» Төле би көшесі бойымен жеңіл рельсті трамвайдың (LRT) бірінші желісін іске қосу жоспарланған. Сондай-ақ, шағын мобильділік және басқа инфрақұрылым үшін 60 км жаңа веложол салынады. Бұл қала тұрғындарының қауіпсіз жүріп-тұруына көмектеседі және мультимодальды қозғалыстың  санын арттырады. 



Алматыда "маятниктік көлік" (келетін және кететін жеке көлік) деңгейін төмендету үшін жұмыс істеп тұрған өндірістерді қаладан ауыстыру және жаңа өндірістер ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, қоғамдық көлікпен тасымалдау көлемі ұлғайтылатын болады. 2030 жылға дейін кезең-кезеңмен қалада шығарындылар деңгейі төмен аймақтарда көліктің жүріп өтуін шектейді, автомобиль тұрақтары үшін төлемді арттырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Автокөліктер #бағдарлама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Кеше 17:38

1 маусымда Алматыда балаларға арналған қандай іс-шаралар өтеді?

Кеше 17:36

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Чэнь Вэньцинмен кездесті

Кеше 17:33

Алматыдан Еуропаға: Варшаваға тікелей әуе рейсі ашылады

Кеше 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);